Актюбинцы прибрались возлепамятников  

Ақтөбеліктер ескерткіштерді жуып-тазалап шықты    «Таза Қазақстан» акциясы аясында ақтөбеліктер облыс орталығындағы ескерткіштерді жуып-тазалап, маңын қоқыстан тазартты.   Мәдениет қызметкерлері Тілеу батыр көшесі мен Әбілқайыр хан көшесінің қиылысында тұрған еңсесі биік Тілеу батыр Айтұлының ескерткішінің айналасында тазалау жұмыстарын жүргізді. 

«Біздің қызметкерлер сәуір айының алғашқы күнінен бастап сенбілікке шығып, Халық шығармашылығы үйінің маңын қыстан қалған қоқыстан тазартты. Бүгін ұжымға Тілеу батыр ескерткішінің маңын тазалау міндеті қойылды. «Таза Қазақстан» акциясы бірнеше апта қатарынан жүретіндіктен, қызметкерлерді бірнеше топқа бөліп шығарып жатырмыз. Бұл жолы тазалық акциясына шыққандар ескерткішті жуып, маңын сыпырды. Ал алдағы сенбі күні келесі топ «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінің маңын жинауға барады»,- дейді облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Бауыржан Айтжанов.    Тілеу Айтұлы Сайрам соғысына қалың қол жинап, қасына баласы Жолдыаяқ, інісі Қалдыбай батырларды ертіп барып, ел қорғауға қатысқан. 1684 жылы Сайрам қаласын қорғаудағы шешуші ұрыста өзі де, баласы Жолдыаяқ та опат болды. Екеуінің сүйегі Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне жерленген. Есімдері кесенедегі ескерткіш тақтада жазулы тұр.    Сондай-ақ, қала аумағында орнатылған батырлар мен белгілі тарихи тұлғаларға арналған ескерткіштердің айналасын тазалау жұмыстары Әлия Молдағұлова мемориалдық кешені, Мәңгілік алау ескерткіштерінде де жүргізіліп, оған қала тұрғындары, мәдениет қызметкерлері, жастар өкілдері атсалысты.

Актюбинцы прибрались возлепамятников    В рамках акции «Таза Қазақстан»актюбинцы очистили от мусора территории вокруг памятников и помыли скульптурные сооружения.   Работники культуры прибрались возле памятника Тлеу батыра, который находится напересечении одноименной улицы и проспекта Абилкайыр хана.  «С первого апреля мы выходим насубботники. Очистили от мусора территориювокруг Центра народного творчества. Сегоднянавели порядок возле памятника Тлеу батыра. Подмели там, помыли памятник. Каждуюсубботу на уборку выходит группа работников. В следующий субботник будем убиратьсявозле домов престарелых граждан и людей синвалидностью»,- рассказал заместительдиректора областного центра народноготворчества Бауржан Айтжанов.    Тлеу Айтулы собрав большое числосторонников вместе с сыном Жолдыаяком имладшим братом Калдыбаем участвовал вСайрамской войне. Вместе с сыном в 1684 году героически погиб в том сражении. Обабыли захоронены возле мавзолея Ходжи Ахмета Яссауи. Их имена выбиты намемориальной доске возле мавзолея.    В этот же день субботники прошли возле мемориальных комплексов Алии Молдагуловой и Вечный огонь, а также возле других памятников города.  В них приняли участие горожане, работники культуры, молодежь.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 205
Категория: 
�����