В нашем регионе работают общественные штабы. Они созданы в Актобе, шести районах, где был объявлен режим ЧС

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету мақсатында қоғамдық штабтар жұмыс істеуде. Олар облыс орталығында және ТЖ режимі жарияланған 6 ауданда құрылды. Сондай-ақ, облыстық деңгейдегі штаб жұмыс істейді. Олардың құрамында мәслихат депутаттары, «Amanat»партиясының, Қоғамдық кеңестің мүшелері, бизнес-құрылымдардың, білім беру, денсаулық сақтау, жастар бірлестіктерінің өкілдері, дін қайраткерлері және басқалары бар.    Басты мақсат – су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету. Қажет болған жағдайда штабтар проблемаларды шешуге тиісті мемлекеттік органдар мен қаржы мекемелерінің өкілдерін тартып, қандай да бір туындаған мәселелерді тиімді шешудің жолын қарастырады.   Қоғамдық штаб мүшелері зардап шеккендермен үнемі кездесіп, уақытша орналастыру пункттеріне барып, ақтөбеліктерге түрлі бағыттарда көмек қолын созуда.    Осы уақыт аралығында 230-дан астам кездесу өткізілді. Штаб мүшелерінің араласуының арқасында азаматтар табиғи апатқа байланысты туындаған мәселелерді уақытылы шешуге мүмкіндік алды.    Қоғамдық штабтардың жұмысы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау мен көмек көрсетуде мемлекет пен қоғам арасында көпір болып, барлық мүдделі тараптардың апат салдарын жою жұмыстарына өз ықпалын тигізеді.

В нашем регионе работают общественные штабы. Они созданы в Актобе, шести районах, где был объявлен режим ЧС. Также действует штаб областного уровня. В их составе – депутаты маслихатов, члены партии «Amanat», общественного совета, представители бизнес-структур, образования, здравоохранения, молодежных объединений, религиозные деятели и другие.    Основная цель – оказание всесторонней поддержки гражданам, пострадавшим от паводка. Штабы при необходимости привлекают к решению проблем представителей соответствующих государственных органов и финансовых учреждений, что позволяет эффективно решать возникающие вопросы.   Члены общественных штабов регулярно встречаются с пострадавшими, посещают пункты временного размещения и оказывают помощь актюбинцам в различных сферах.    Проведено уже более 230 встреч. Благодаря усилиям членов штабов граждане получают возможность быстрее решить проблемы, с которыми они столкнулись из-за стихийного бедствия.    Работа общественных штабов является неоценимой в поддержке и помощи пострадавшим от наводнений, их участие способствует более эффективной координации усилий всех заинтересованных сторон в борьбе с последствиями бедствия.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 259
Категория: 
�����