В Актюбинской области отремонтируют 890 километров дорог

Ақтөбе облысында 890 шақырым жол жаңартылады    Өңірдегі жергілікті жолдарды қайта жаңарту мен жөндеуге бюджеттен 60,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл сомаға 179 жобаны іске асыру жоспарлануда.    Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен аймақтың жол құрылысы мәселесіне арналған жиын өтті. Жиынға құзырлы мекеме басшыларымен қатар, жол құрылысына жауапты мердігер мекеме өкілдері де қатысты. Аудан әкімдері бұл жиынға онлайн режимінде қосылды.     Басқосуда аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту және құрылыс маусымына дайындық барысы туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр баяндады. Оның айтуынша, биыл жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында 179 жобаны іске асыруға 60,6 млрд теңге бөлінген. Қарастырылған қаражат есебінен 82 жоба немесе 430,6 шақырым жергілікті маңызы бар және 97 жоба (137,1 шақырым) бойынша қала мен ауылішілік жолдар жөнделетін болады. Нәтижесінде жолдардың жақсы және қанағаттанарлық үлесін 83 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр.  

«Тасқынның салдарынан республикалық «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз», облыстық «Ойыл-Қобда» бағытындағы және Ойыл ауылына кіреберіс жолдағы көпірлердің балкалары мен аралық құрылымдары бүлінген. Сонымен қатар Әйтеке би  ауданындағы Әйке, Мұғалжар ауданындағы Басшилі және Темір ауданындағы Жамбыл елді мекендерінің кіреберіс жолдарын да су шайған. Облыстық бюджеттің шығыс қаражатын секвестрлеу есебінен қираған жолдар мен көпірлерді қалпына келтіруге 10 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған»,- деді Айбек Қайыр.

В Актюбинской области отремонтируют 890 километров дорог    60,6 миллиардов тенге выделены из бюджета на реконструкцию и ремонт местных дорог в регионе. На эту сумму планируется реализовать 179 проектов.    Аким области Асхат Шахаров встретился с подрядными организациями и обсудил рабочие моменты, оговорив сроки завершения работ.   Руководитель управления пассажирского транспорта и автодорог региона Айбек Кайер подробно рассказал какие дороги предстоит ремонтировать. Так, приведут в порядок 430,6 км дорог областного и районного значения. Еще 137,1 км внутригородских и внутрипоселковых. Также планируется отремонтировать 322 км трассы республиканского значения. На эти цели отдельно выделено 42,6 млрд. тенге. Предстоит осуществить реконструкцию и средний ремонт дорожного полотна. В результате ремонта в общем доля дорог в регионе в хорошем состоянии будет доведена до 83%.  

«В результате паводка были повреждены балки и промежуточные конструкции мостов на трассе «Кандыагаш-Эмба-Шалкар-Иргиз», по дороге «Уил-Кобда» и на подъездной дороге к селу Уил. Размыло водой подъездные пути к селам Айке Айтекебийского района, Басшили Мугалжарского района, Жамбыл Темирского района. На восстановление разрушенных дорог и мостов за счет секвестирования расходов областного бюджета предусмотрели почти 10 миллиардов тенге»,- сообщил Айбек Кайер.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 253
Категория: 
�����