Киіз үй, құмай тазы, ұлттық мұражай: Ақтөбеде «Жолдағы қабылдау» акциясы ерекше форматта өтті
16 мамырда Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Астрахань» автожолында жүргізушілермен ерекше форматтағы кездесу ұйымдастырды. Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының маңында өткізілген «Жолдағы қабылдау» акциясының басты мақсаты - жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы мақсатта жолдағы жүргізушілермен бетпе-бет кездесіп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Кең ауқымды акцияға полиция қызметкерлерімен қатар, «Қазавтожол» АҚ, прокуратура, төтенше жағдай, жедел жәрдем қызметтері, Темір ауданы әкімдігінің өкілдері жұмылдырылды.
Шара барысында полиция қызметкерлерімен алыс жол жүріп келе жатқан жүргізушілер, оның ішінде ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тоқтатылып, уәкілетті қызметкерлер олармен жол қозғалысы ережелерін сақтау, апаттық-қауіпті учаскелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сондай-ақ, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Әрі қарай жүргізушілер, оның ішінде шетел азаматтары жол жиегіне тігілген киіз үйде ұлттық тағамдардан дәм татуға шақырылды.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған, қазақтың салт-дәстүрін танытатын мұражай экспонаттары ұзақ уақыттан бері жол жүріп келе жатқан шетелдік жүргізушілердің, оның ішінде Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан мемлекеттерінің азаматтарына ерекше көңіл күй сыйлады. Қазақы тазыға таң-тамаша болған олар, бір сәт атқа да мініп, бой жазды. Жүргізушілердің шаршаңқы күйде көлік басқаруына жол бермеу мақсатында, олардың денсаулық жағдайлары да тексерілді.
«Шараны өткізу орны да кездейсоқ таңдалған жоқ. Өкінішке орай, жыл басынан бері облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда орын алған 28 жол-көлік оқиғасында 26 адам қаза болса, оның ішінде 13 адамның өлімі осы «Ақтөбе-Астрахань» автожолында болды. Сонымен қатар, биыл облыста республикалық жолдарда орын алған жол апаттарында 10 шетел азаматы қаза болды. ЖКО басты себептері жүргізушілердің кінәсінен болып отыр, сондықтан бүгінгі апаттық қауіпті учаскеде өткізілген бұл шара жүргізушілерге ой салады деп ойлаймыз» деді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдос Құлжанов.
Юрта, казахское тазы, музей под открытым небом: в необычном формате провели полицейские «Приемную на дороге» в Актобе
16 мая сотрудники полиции Актюбинской области на автодороге республиканского значения «Актобе-Астрахань» организовали необычную встречу с водителями. Главная цель акции «Приемная на дороге», проведенной стражами порядка вблизи села Шубаркудук Темирского района - профилактика дорожно-транспортных происшествий путем проведения соответствующей разъяснительной работы среди водителей на автодороге.
В широкомасштабной акции, наряду с сотрудниками полиции, были задействованы представители АО НК «Казавтожол», прокуратуры, противопожарной и медицинской службы, акимата Темирского района.
В ходе мероприятия патрульными были остановлены водители дальнего следования, в том числе водители большегрузов, где уполномоченные сотрудники на месте провели с ними соответствующую разъяснительную работу по соблюдению правил дорожного движения, информировали об аварийно-опасных участках, а также ответили на волнующие их вопросы. После чего водители, в том числе иностранцы, были приглашены отведать национальные блюда в юрту.
Музей под открытым небом, состоящий из экспонатов демонстрирующие казахскую культуру и традиции, вызвали неподдельный интерес и подарили настроение дальнобойщикам-иностранцам, которые уже несколько недель находятся за рулем, следуя из Грузии, Азербайджана, Турции и Кыргызстана. В целях недопущения вождения водителей в утомленном состоянии, были также проверены состояния их здоровья.
“Место проведения мероприятия выбрано не случайно. К сожалению, с начала года на территории области на дорогах республиканского значения произошло 28 ДТП с 26 погибшими, из них 13 человек погибли на автодороге «Актобе-Астрахань». Кроме того, в этом году на территории области на республиканких автодорогах погибли 10 иностранных граждан. Основные причины ДТП – нарушения водителями ПДД. Надеемся, что такие приемы на дорогах повысят культуру и сознательность водителей», - говорит начальник Управления местной полицейской службы ДП Актюбинской области Айдос Кулжанов.
Источник.https://www.instagram.com/p/C7DqDLBoMt5/?img_index=1