Школьница из Актобе изобрела приложение, которое с помощью системы искусственного интеллекта уведомляет компетентные органы о грозящей учащимся опасности  

 

Ақтөбелік оқушы жасанды интеллект көмегімен оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын қосымша ойлап тапты    Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 мектебінің 10-сынып оқушысы Тұмар Смағұл жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытып, зерттеу жұмысын жүргізіп, оқушыға қауіп төнгенде құзырлы органдарға хабарлайтын «NazarAI» қосымшасын ойлап тапты.   «NazarAІ» қосымшасы нақты уақытта бейнекамера материалдарын жасанды интеллект арқылы өңдейді, яғни адамды тану, адам әрекетін модельдеу, қауіпті сәтте шұғыл хабарлау секілді жұмыстарды ұйымдастырады.   Бұл қосымшаның бірнеше қызметтері бар, соның бірі мектепке келген оқушылардың бейне камерадағы кескінін тану және танылған оқушының мектепке келген сәтінде автоматты түрде ата-аналарға хабарлама жіберу. Хабарламада оқушының суреті, аты-жөні, келген уақыты көрсетіледі.    Сонымен қатар, қосымшаның тағы бір қызметі - қауіпті сәтті анықтау. Оқушыға қауіп-қатер төнген сәтте жәбірленуші екі қолын көтерсе, жасанды интеллект бейнедегі адам әрекетінің компьютерлік моделін құрастырады. Осылайша адам қолы, буындарының бұрыш градустары арқылы есептеулер жүргізіп, адамға қауіп төнгенін анықтайды.   Қауіп анықталған соң, қосымша адам бейнесін скрин жасап, ақпаратты арнайы ашылған Telegram-арнаға жібереді. АталғанTelegram-арнада ішкі істер органдарының арнайы бөлімі тіркелген.    Оқушы осы жобаны жетекшісі Ербол Медеуовпен ары қарай жалғастырып, тағы да мүмкіндіктерін зерттеп көрмек.

Школьница из Актобе изобрела приложение, которое с помощью системы искусственного интеллекта уведомляет компетентные органы о грозящей учащимся опасности    Учащаяся 10 класса школы № 64 имени У. Кулымбетова Тумар Смагул, изучая возможности искусственного интеллекта, провела ряд исследований и разработала приложение «NazarAI», которое оповещает компетентные органы о возможной угрозе школьникам.   Приложение «NazarAІ» с помощью искусственного интеллекта обрабатывает материалы видеокамеры в режиме реального времени, распознавая человека, моделируя его поведение и отсылая экстренное сообщение об опасных ситуациях.   Приложение имеет несколько функций, одна из которых – распознавать лицо учащегося зашедшего в школу и автоматически отправлять сообщение его родителям о том, во сколько ребенок зашел в учебное учреждение. В сообщении указывается имя школьника и время его прибытия и отсылается фото.    Еще одна функция приложения - обнаружение угрозы. Если пострадавший поднимает обе руки в момент опасности, искусственный интеллект создает на видео компьютерную модель поведения человека. Произведя расчеты с использованием градусов угла поднятой руки ИИ определяет находится ли человек в опасности.   После обнаружения угрозы приложение идентефицирует изображение человека и отправляет информацию в открытый Telegram-канал. В этом Telegram-канале зарегистрирован специальный отдел органов внутренних дел.    Школьница продолжит работу над своим приложением вместе с научным руководителем Ерболом Медеуовым и еще раз исследует его возможности.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 216
Категория: 
�����