Мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Өнер орталығында өткен «Мәдениетім — мерейім» атты мерекелік шарада облыстың мәдениет саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталып, шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Салтанатты шарада алдымен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева сөз сөйлеп, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Мәдениет пен өнер саласын ішкі мәдениеті, рухани қуаты мықты жандар дамытып, халықтың өшпес қазынасына, рухани байлығына айналдыра алады. Сіздер қай уақытта да, жылдың қай мезгілі болса да, түрлі қиындықтарға қарамай, елдің алдына шығып, халыққа адал қызмет етіп келесіздер. Сондықтан сіздерге ризашылығымды білдіре отырып, облыс басшысының атынан алғыс айтамын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін»,— деді Г.Сүйінтаева. Құттықтау сөзінен кейін мәслихат төрағасы бір топ адамға Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен алғыс хатын, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хатын, басқа да марапаттарды табыстады. Атап айтқанда, Нұрлыбек Қалауов, Жансерік Таңқаев, Қарашаш Әбдірахманова, Лидия Уварова сынды ардагерлер «Еңбек ардагері» медаліне ие болды. Ал «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Ақтөбе қалалық мәдениет үйінің «Сұңқар» вокалды ансамблінің жетекшісі Ләззат Медетоваға, Ырғыз аудандық «Арай» мәдениет үйінің әдіскері Үміт Шейтоваға, Ойыл ауданы Ақжар ауылдық кітапханасының қызметкері Назгүл Қазиеваға, облыстық тарихи-өлкетану музейінің суретшісі Орынбасар Төлегеновке, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының радиоцех меңгерушісі Жеңіс Ноғайбаевқа және басқа даазаматтарға табысталды. Сондай-ақ салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы бір топ мәдениет саласы қызметкеріне «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен Құрмет грамотасын табыс етті. Шара соңы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония әншілері мен бірқатар шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Работников культуры наградили в их профессиональный праздник В рамках празднования Дня работников культуры и искусства в Өнер орталығы прошло мероприятие «Мәдениетім - мерейім», на котором были награждены работники культуры, внесшие значительный вклад в развитие данной сферы региона. Также по случаю праздника состоялся концерт. Председатель областного маслихата Гулкасима Суентаева поздравила работников культуры с профессиональным праздником, поблагодарив их за преданность делу.
«В сфере культуры работают люди талантливые, великодушные и преданные своему делу. Именно вы делаете нашу жизнь ярче, интереснее и добрее. От имени акима области выражаю вам признательность за ваш труд и неоценимый вклад в развитие сферы культуры. Желаю благополучия вашим семьям и творческих успехов»,- сказала в поздравительной речи Гулкасима Суентаева. В ходе торжественной церемонии председатель облмаслихата вручила самым достойным представителям сферы культуры региона медали и нагрудные знаки Министерства культуры и информации, почетные грамоты и благодарственные письма акима области. Медалями «Еңбек ардагері» награждены ветераны сферы Нурлыбек Калауов, Жансерик Танкаев, Карашаш Абдирахманова, Лидия Уварова. Нагрудного знака «Мәдениет саласының үздігі» удостоились руководитель вокального ансамбля «Сұңқар» городского Дома культуры Ляззат Медетова, методист Дома культуры «Арай» Иргизского района Умит Шеитова, сотрудница Акжарской сельской библиотеки Уилского района Назгуль Казиева, художник областного историко-краеведческого музея Орынбасар Тулегенов, заведующий радиоцеха областного драматического театра имени Т. Ахтанова Женис Ногайбаев и другие. Также отраслевой профсоюз вручил ряду работников культуры нагрудные знаки «Еңбек даңқы» и почетные грамоты. Завершилось мероприятие концертной программой артистов областной филармонии имени Г. Жубановой и выступлением творческих коллективов.
Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi