Жители Темирского района ремонтируют свои дома

Темірліктер үйлеріне жөндеу жүргізіп жатыр
 
 Темір ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға  тұрғын үйін қалыпқа келтіру бойынша тиісті төлемдер жүргізілуде.
 Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру, жиһаз бен тұрмыстық техниканың шығындарын өтеу үшін тұрғындардың өтініші және жүргізілген сараптамалық зерттеулер нәтижесі негізінде қаржы  қарастырылған болатын. Атап айтқанда, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың бірі Нұрқожа Шаимовтың тұрғын үйін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

«Су тасқыны кезінде ауламызды, үйімізді, сарайымызды су басты. Қазіргі таңда мемлекеттен қаражат бөлініп, үйімізге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Үкіметтен бөлінген қаражатқа толық жөндеу жұмыстарын жүргіземіз деген ойдамыз»,- дейді Шұбарқұдық кентінің тұрғыны  Нұрқожа Шаимов.
 Бүгінге дейін Темір ауданы бойынша 115 арыз келіп түскен. Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың өтініші негізінде құрылған комиссия әр үйге техникалық бақылау жүргізді. Нәтижесінде 56 үй жарамсыз деп танылды. Сондай-ақ Құмсай ауылында  22 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жители Темирского района ремонтируют свои дома
 
 Семьям, пострадавшим от паводка в Темирском районе, производятся соответствующие выплаты на восстановление своего жилья.
 Средства на восстановление недвижимости, мебели и бытовой техники были выделены на основании обращений жителей и результатов экспертных комиссий. Так, уже приступил к ремонту дома один из местных жителей Нуркожа Шаимов.
 «Во время паводка затопило двор, дом и сарай. На деньги, выделенные государством, мы начали ремонтировать дом. Думаю, этих средств хватит на полноценный качественный ремонт»,- говорит житель села Шубаркудук Нуркожа Шаимов.
 В Темирском районе было подано 115 заявлений. Комиссия, созданная на основании обращений граждан, пострадавших от паводка, провела техническое обследование каждого дома. В результате 56 домов были признаны аварийными. Сегодня в селе Кумсай строятся 22 новых жилых дома.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

 

Просмотров: 170
Категория: 
�����