Екатерина Шабалина из Актобе выступит на Олимпиаде в Париже.

Париждегі Олимпиада: тағы бір лицензия қоржында
 Ақтөбелік Екатерина Шабалина Парижде өтетін Олимпиадада өнер көрсетеді. Бұл – Ақтөбе облысы спортшыларының қоржынға салған екінші олимпиадалық лицензиясы. Біріншісін еркін күрестен балуан Юсуп Батырмұрзаев жеңіп алған еді.
 Триатлоншы бір жыл бойы спорттық додаларда өнер көрсетіп, рейтингте қарсыластарынан басым түсті. Нәтижесінде, төртжылдықтың басты спорт бәсекесі жазғы Олимпиадаға жолдама жеңіп алды.

«Туған күнімнің қарсаңында керемет сыйлыққа ие болдым.... Олимпиадалық лицензия! Өзімнен артық сенген барлық жақындарыма және жанашырларыма зор алғыс! Сіздердің  қолдауларыңыз бұл күнге жеткізді, мені биік мақсаттарға жетелеп келеді... Бүкіл спорттық өмірімдегі негізгі көздегенім – осы жолдама. Жауапты әрі маңызды кезеңді шынайы ризашылықпен қабылдаймын. Басты спорттық шараға екі ай қалды, дайындықты күшейтеміз. Алға!»,- деп жазды Шабалина Instagram желісінде.
 Екатерина – 26 жаста. Ол – Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2023 жылы Азия чемпионы атанды, құрлықтық Кубоктардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Спортшының бас бапкері – Максим Крят.
 Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілдеден 11 тамызға дейін Парижде өтеді.

Олимпиада в Париже: еще одна олимпийская лицензия в копилке
 Екатерина Шабалина из Актобе выступит на Олимпиаде в Париже. Это вторая олимпийская лицензия спортсменов Актюбинской области. Первую по вольной борьбе завоевал борец Юсуп Батырмурзаев.
 Триатлонистка Екатерина Шабалина на протяжении года участвовала в спортивных соревнованиях и в рейтинге превзошла своих соперников. В результате завоевала путевку на летние Олимпийские игры. «В преддверии своего дня рождения я получаю главный подарок... Олимпийская лицензия! Огромное спасибо всем моим родным и близким, кто верил в меня больше, чем я сама! Ваша поддержка привела меня так далеко... Это была цель всей моей спортивной жизни, и я с открытым сердцем и душой принимаю этот важный и захватывающий для меня этап. Спасибо! Впереди два месяца кропотливой подготовки к моему главному спортивному событию. Вперед!»- написала Шабалина в Instagram.
 Екатерине 26 лет. Она мастер спорта международного класса. В 2023 году стала Чемпионом Азии, многократный обладатель Континентальных кубков. Главный тренер спортсменки – Максим Крят.
 Напоминаем, что Олимпийские игры пройдут в Париже с 26 июля по 11 августа.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 209
Категория: 
�����