Ветеринары Актюбинской области получили новые автомобили

Ақтөбе облысының ветеринарларына су жаңа көліктер табыс етілді

 Өңірдің ветеринария басқармасына қарасты аудандық ветеринариялық станцияларға жалпы сомасы 303  миллион теңгеден астам қаржыға 39 автокөлік сатып алынған.

 Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев салтанатты шарада сөз сөйлеп, жаңа көліктердің кілтін аудандардан келген ветеринарларға табыстады. Ветстансалардың техникалық базасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындап, ветеринария саласын жаңғыртуға маңызды міндеттерді жүктеді. Қазіргі таңда мал шаруашылығының дамуын ветеринария саласынсыз елестету мүмкін емес. Сондай-ақ өңірдің эпизоотиялық ахуалды сақтауда және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ветеринариялық ұйымдардың еңбегі зор. Облысымызда ветеринария саласында атқарылып жатқан игі істер аз емес. Өздеріңіз білетіндей, жылма-жыл салаға бөлінетін қаржы өсіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсіп отыр. Сала мамандарының жалақысы да артып, еңбек демалысына шыққанда екі айлық сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене бастады. Бұл салаға толыққанды көңіл бөлуді жалғастыра береміз»,- деді Асылбек Есенбаев.

Автокөліктер отандық компания «СарыарқаАвтоПром» ЖШС сатып алынды. Біреуінің құны - 8 миллион теңге шамасында.
 Айтып өткен жөн, 2022-2023 жылдары қалалық және аудандық ветеринариялық станциялар 55 автокөлікпен қамтылса, жұмысты жетілдіру мақсатында 160 компьютер, 142 бірлік планшет сатып алынды.
 Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасына бағынысты 13 ветеринариялық станция және 142 ветеринариялық пункт бар. Бұл ұйымдарда 754 адам ветеринар жұмыс істейді.

Ветеринары Актюбинской области получили новые автомобили

 Для районных ветеринарных станций при областном управлении ветеринарии закуплено 39 автомобилей на общую сумму более 303 миллионов тенге.

 Заместитель акима Актюбинской области Асылбек Есенбаев на торжественной церемонии вручил ключи от новых автомобилей ветеринарным врачам районов. Планомерные работы, направленные на восстановление технической базы ветстанций, будут продолжены и в дальнейшем.
 «В своем обращении к народу Казахстана Глава государства определил конкретные задачи для развития регионов, в их числе и по модернизации сферы ветеринарной службы. В настоящее время невозможно представить развитие животноводства без ветеринарии, которая играет значительную роль в поддержании эпизоотической ситуации региона и обеспечении безопасности пищевых продуктов. Для развития ветеринарной службы в регионе выделяются немалые средства. В сравнении с прошлым годом размер средств был увеличен на 12 процентов. Растет зарплата специалистов отрасли, при выходе в отпуск им выплачивается лечебное пособие в размере двухмесячной зарплаты. Мы и дальше будем поддерживать эту сферу»,- сказал Асылбек Есенбаев на вручении ключей.
 Машины приобретены отечественной компанией ТОО «СарыаркаАвтоПром». Стоимость одного авто около 8 млн. тенге.
 Отметим, что в 2022-2023 годах городские и районные ветеринарные станции были оснащены 55 автомобилями, для улучшения работы ветврачей приобретены 160 компьютеров и 142 планшета.
 В настоящее время при Актюбинском областном управлении ветеринарии действуют 13 ветеринарных станций и 142 ветпункта. Там работают 754 ветеринара.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 198
Категория: 
�����