«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы жалғасуда
Бұл жолы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Чернобыль апатына қатысқан ардагер Қуаныш Беккалиұлының ауласын қоқыстан тазартты.
Ақсақал Ақтөбе қаласы Мәскеу шағын ауданы Мясоедов көшесінде тұрады.
Экогвардия отрядының сарбаздары «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында ардагердің ауласын тазалап, бақшасының арамшөптерін жұлып, тазалық жұмыстарында белсенділік көрсетті. Атамыз балаларға ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары тарапынан бұл игі акция алдағы уақытта да жалғасын табады. Жалпы, шара республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтуде. Жастар 10 шақты ардагердің үйіне барып, көмектескен.
Акция «Ардагерлерді ардақтайық» продолжается
В этот раз бойцы отряда «Жасыл ел» привели в порядок двор Куаныша Беккалиулы – ветерана-участника ликвидации аварии на Чернобыльской АЭС. Аксакал проживает в Актобе по улице Мясоедова в районе Москвы.
Жасылелевцы убрались во дворе ветерана, очистили от сорняков огород, вывезли со двора мусор.
Аксакал выразил благодарность молодым людям и напутствовал их хорошими пожеланиями.
Бойцы отряда «Жасыл ел» будут и дальше помогать ветеранам и пожилым людям в рамках акции «Ардагерлерді ардақтайық».
Напомним, стартовала она в рамках республиканской акции «Таза Қазақстан». В общем, помощь была оказана уже 10 ветеранам.
Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi