В Мугалжарском районе Актюбинской области строят дома для пострадавших от паводка

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендер баспанамен қамтылып жатыр Ақтөбе облысында көктемгі тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін жаңа үйлердің құрылысы басталып, мал шығыны өтеліп жатыр. Тек Мұғалжар ауданының екі ауылында 14 баспана бой көтереді. Бұдан бөлек, 10-нан аса адам екінші деңгейдегі нарықтан қалаған пәтеріне қол жеткізді.  Жайнагүл Әуесбекованың үйіне іргедегі Жем өзені арнасынан асқанда су кірген. Салдарынан саман кірпіштен салынған баспанасы қазір тұруға жарамсыз. Тасқынның беті қайтқанына бір айдан астам уақыт өтсе де, ылғал тартқан қабырғалары әлі кеппеген. Алдағы уақытта бұл отбасы енді жаңа баспанаға көшеді. Жаңабұлақ ауылында 50-ден астам үйге су кірген. Қазір баспанасынан айырылғандардың бір бөлігіне үй сатып алынып жатса, енді біріне жаңасы тұрғызылып жатыр.  Жалпы Мұғалжар ауданы бойынша тасқыннан 76 үй зардап шеккен. Ал зардабын жою жұмысы аясында Болат Өтемұратов қоры мен BI Group компаниясы да қолдау көрсетіп жатыр. Дархан Ермағанбетов, Мұғалжар ауданының әкімі:

- Жетеуіне біз жөндеуге жарамды деп қаражаттарын төлеп берген болатынбыз. Қалған 14 үй салынып жатыр жаңадан. Қалған 54 үйді біз осы аудан орталығы және де жан-жағынан сатып алып беруге құжаттарын дайындап, оның қазір бүгінгі күні 21-і сатып алынып берілді.

 Ал комиссия тасқыннан келген шығынды анықтап, әрбір өтінішке қатысты мәселені толық шешу бойынша жұмысын жалғастыра береді.

В Мугалжарском районе Актюбинской области строят дома для пострадавших от паводка  В Мугалжарском районе Актюбинской области для пострадавших от паводка построят 14 домов. Их возводят в сёлах Жагабулак и Бирлик. Ещё для 54 семей приобретут жильё.  Дом жительницы села Жагабулак Жайнагуль Ауесбековой комиссия признала непригодным для проживания. Саманное строение в конце марта подтопила вышедшая из берегов река Жем. В ближайшее время семья планирует переехать в новый дом. Жильё для пострадавших от паводка в селе уже строят. Всего в Мугалжарском районе во время паводка подтопило 76 домов. Техническое обследование жилых строений специалисты завершили. Часть семей ждут новое жильё. Большинство же решили переехать в дома, которые для них уже начали приобретать. Дархан Ермаганбетов, аким Мугалжарского района:

- Покупаем в данный момент 54 дома, через фонд Утемуратова полностью организована работа. На сегодняшний день уже куплен и предоставлен 21 дом. Это дома в Кандыагаше и в Эмбе. Приобретение за счёт фонда, компания BI Group финансирует строительство домов.

 Пострадавшим от паводка в районе, чьё жилье подлежит ремонту, уже выплатили компенсацию.

Источник.http://«24.kz»

Просмотров: 162
Категория: 
�����