24 детей из пострадавших от паводков районов Актюбинской области получили путевки на летний отдых

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен аудандардағы 24 балаға жазғы демалысқа жолдама берілді  «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Туған елге саяхат» әлеуметтік жобасы аясында 12 күн ішінде балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр қалаларындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады.

«Балалар саяхат пойызындағы сапардан көкжиегі кеңейіп, жаңа достар табады, келесі оқу жылына күш-қуат жинап қайтады деген сенімдеміз. Оның үстіне биыл су басқан аймақтарға басымдық беріп отырмыз. Қандай жағдай болсын, біздің міндет – бақытты балалық шақты қамтамасыз ету»,

- дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.  Өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулуды мақсат тұтатын жоба арқылы ағымдағы жылы су тасқыны болған өңірлерге басымдық беріліп, көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы балалар қамтылады. Нәтижесінде табиғи апат болған Ақтөбе облысынан әкімдік ұсынған тізім бойынша 24 бала «Туған елге саяхат» пойызының бақытты жолаушысы атанбақ. Тасқыннан зардап шеккен Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы балалар да қамтылады. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының шалғай аудандардағы көпбалалы және тұрмысы төмен, толық емес отбасылардағы өндірістік кәсіпорындар қызметкерлерінің балалары да ескеріледі. Саяхаттағы демалыстан басқа, жол бойы мектеп оқушыларымен тәлімгерлер мен педагогтар жұмыс істеп, қызығушылықтары бойынша үйірмелер, зияткерлік және спорттық ойындар ұйымдастырылады.  Әлеуметтік жоба екі маусымда өтіп, әр кезеңде 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қамтитын болады.

24 детей из пострадавших от паводков районов Актюбинской области получили путевки на летний отдых  В рамках социального проекта «Туған елге саяхат», реализуемого при поддержке фонда «Samruk-Kazyna Trust», дети в течение 12 детей посетят известные культурно-исторические места в городах Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Туркестан и Байконур.

«Мы верим, что дети заведут новых друзей, расширят свой кругозор от поездки на поезде и вернутся заряженные энергией перед следующим учебным годом. Более того, в этом году мы отдаем приоритет регионам, которые пострадали от паводков. Независимо от обстоятельств, наша задача — обеспечить счастливое детство»,— говорит Альфия Адиева, генеральный директор фонда развития социальных проектов «Samruk-Kazyna Trust».  В проекте, направленном на воспитание патриотизма у подрастающего поколения, в этом году особое внимание уделено поддержке детей из многодетных и малообеспеченных семей, а также неполных семей, проживающих в пострадавших от паводков регионах. Таким образом согласно списку, представленному акиматом, 24 детей из Актюбинской области примут участие в проекте «Туған елге саяхат». Также будут охвачены дети из пострадавших от паводков Северо-Казахстанской, Западно-Казахстанской, Костанайской, Акмолинской, Карагандинской и Улытауской областей. Также в проекте примут участие 200 детей работников производственных профессий дочерних и зависимых организаций Группы компаний из отдаленных населенных пунктов, воспитывающиеся в многодетных, малообеспеченных или неполных семьях. Помимо, экскурсионного досуга на протяжении всего пути со школьниками будут работать вожатые и педагоги, предусмотрены кружки по интересам, интеллектуальные и спортивные игры и многое другое.  Социальный проект будет проходить в два сезона, в каждом из которых примут участие 200 детей в возрасте 10-15 лет.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 193
Категория: 
�����