В Мартукском районе ремонтируют плотину «Мартук»

Мәртөк ауданындағы «Мәртөк» бөгетіне күрделі жөндеу жүргізілуде  Облыс әкімі Асхат Шахаров Мәртөк ауданына жұмыс сапарымен барып, «Мәртөк», «Қазан-2» және «Саржансай» бөгеттерінің жай-күйімен танысты.  Аққайың ауылындағы «Мәртөк» бөгеті 1990 жылы қолданысқа берілген. Бірнеше жыл техникалық күтім көрмеген бөгетті күрделі жөндеуге құрылысшылар биылғы жылдың мамыр айында кірісті. Жоспар бойынша жұмыстар шілдеде аяқталады деп күтіліп отыр. «Элитстройсервис-Ақтөбе» ЖШС мұнда су өткізгіш құбырлар, шлюз салады. Жиналатын су ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Ал Мәртөк ауылындағы «Қазан-2» бөгеті былтыр 107,4 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Сыйымдылығы 0,192 млн текше метр. Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов көктемгі су тасқыны кезінде бөгет қарғын суды ұстауға, Қазан және Мәртөк ауылының жаңа құрылыс жағын су басудан аман алып қалуға көмектесті дейді.  Аудан әкімдігі сондай-ақ, Саржансай және Сарыжар ауылдарында бөгеттерді нығайтып жатыр. Қазіргі уақытта Елек өзені бойындағы ауылдарда 17 шақырымды құрайтын бөгет салынуда. Барлық жұмыс қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

В Мартукском районе ремонтируют плотину «Мартук»  Аким области Асхат Шахаров совершил рабочую поездку в Мартукский район и ознакомился с состоянием плотин «Мартук», «Казанка-2» и «Саржансай».  Плотина «Мартук» в селе Аккаин введена в эксплуатацию в 1990 году. В мае этого года подрядная организация приступила к ее ремонту. Ожидается, что работы будут завершены в июле. ТОО «Элитстройсервис-Актобе» прокладывает там трубопроводы и шлюзы. Вода из плотины используется в сельскохозяйственных нуждах.  Плотину «Казанка-2» в Мартуке капитально отремонтировали в прошлом году за 107,4 миллиона тенге. Ее вместимость составляет 0,192 миллиона кубических метров. Аким Мартукского района Медет Искаков рассказал, что во время паводка плотина помогла задержать талые воды и спасти от затопления новостройки в Казанке и Мартуке.  Также укрепляют дамбы в селах Саржансай и Сарыжар. В настоящее время в селах расположенных вдоль реки Илек строится 17-километровая плотина. Все работы планируется завершить в октябре.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 171
Категория: 
�����