Асхат Шахаров поручил руководителям госорганов и подрядным организациям провести работы качественно и завершить их в установленные сроки.

 

Жалпы, облыста су тасқынында 15 гидротехникалық құрылыс бұзылды. Жобалар әзір, мемлекеттік сараптамада. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөгеттер мен ГТҚ жөндеу жұмыстары қараша айына дейін аяқталады деп отыр.  Жұмыстарды бағамдаған Асхат Шахаров мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелерге құрылыс жұмыстарын нормативке сәйкес, уақытылы бітіріп, өз мерзімінде сапалы тапсырылуын міндеттеді.

«Ақтөбе облысында 22 елдімекен су тасқынынан зардап шекті. Былтыр ауылдарды топан судан қорғайды деп бастаған және биыл жасалатын 25 жоба бар. Соның жұмыстарын ретке келтіру қажет. Жоспарға сай, алдын ала әрі жылдам қимылдап, мерзімінде құрылысты бітіру керек. Әйтпесе, үлкен су келгенде, қайтадан салдарымен күресуіміз мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті, Табиғи ресурстар және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, аудан әкімдігі мен мердігер компаниялар бұл мәселені үнемі назарда ұстап, қадағалап, жұмыстарды күшейтуі тиіс»,- деді облыс басшысы.  Айтып өткен жөн, Мәртөк ауданында үш ауыл табиғи апаттан зардап шегіп, салдарынан 69 аулаға су кірді. Саржансай ауылындағы бір үй және Сарыжар ауылында су басқан үш үй техникалық тексеру нәтижесінде «апаттық жағдайда» деп танылды. Әкімдік екі отбасыға «Болат Өтемұратов қоры» арқылы үй сатып алынғанын алға тартты. Қалған екі отбасы жаңа үйге көшу үшін құжаттарын дайындап жатыр. Сонымен қоса, 45 отбасы 100 АЕК әлеуметтік төлем алды. Демеушілер есебінен де су тасқынынан жапа шеккен мәртөктіктерге көмек көрсетілуде.

Всего во время паводка в области прорвало 15 гидротехнических сооружений. Проекты по их восстановлению готовы, проходят государственную экспертизу. В департаменте природных ресурсов и регулирования природопользования сообщают, что ремонт дамб и ГТС завершится к ноябрю.  Оценивая проводимую работу, Асхат Шахаров поручил руководителям госорганов и подрядным организациям провести работы качественно и завершить их в установленные сроки.

«В Актюбинской области от паводка пострадали 22 села. С прошлого года в регионе разработано 25 проектов по защите населенных пунктов от паводка, которые будут реализованы в этом году. Над этим мы будем работать. Необходимо ускориться и завершить все работы качественно и в срок во избежание повторения ситуации с паводком. Поручаю взять на контроль этот вопрос руководителям департаментов по чрезвычайным ситуациям, природных ресурсов и регулирования природопользования, государственному архитектурно-строительному контролю, акимату района и подрядным организациям»,- сказал глава региона.  Напомним, что три села Мартукского района пострадали от стихийного бедствия, в результате которого было затоплено 69 дворов. По итогам технического осмотра один дом в селе Саржансай и три затопленных дома в селе Сарыжар признаны аварийными. В районном акимате пояснили, что дома для двух семей были приобретены за счет средств «Фонда Булата Утемуратова». Две другие семьи готовят документы для переезда в новый дом. Кроме того, 45 семей получили социальные выплаты в размере 100 МРП. Помощь пострадавшим от паводка оказывалась за счет спонсорских средств.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 185
Категория: 
�����