Ақтөбе облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысты «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Ақтөбе облысының барлық елді мекендерінде өткен сенбіліктерге тұрғындар белсене атсалысты. Облыс орталығы - Ақтөбе қаласында 1000-нан астам тұрғын аумақты тазалауға және абаттандыруға қатысты. Олардың күшімен 120 тонна қоқыс жиналды.
«Осы акцияға қатыса отырып, біз аумақтарды қоқыстардан тазартып қана қоймай, сонымен бірге отандастарымызбен бірге оларды ретке келтіріп, қаламызды жайлы әрі таза етеміз. Бұл табиғатты сақтауға және барлық тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам»,- деп, сенбілікке қатысушылардың бірі, облыстық мәслихат депутаты Бижан Қалмағанбетов өз пікірімен бөлісті. Акцияға қала тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер, облыстық мәслихат өкілдері, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасақтарының мүшелері үлес қосты. Олар орталық саябақты, «Ғашықтар» аллеясын, Триатлон саябағын және басқа да нысандарды абаттандыру жұмыстарына қатысты. Бұл - Ақтөбенің қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру ісіндегі қалалық қоғамдастықтың бірлігі мен ынтымақтастығының жарқын мысалы. #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan
Жители Актюбинской области активно участвуют в акции «Таза Қазақстан» В рамках республиканской акции «Таза Қазақстан» во всех населенных пунктах Актюбинской области сегодня проходят субботники, в которых активно участвуют жители. В областном центре - городе Актобе в уборке и благоустройстве территорий приняли участие более 1000 горожан. Благодаря их усилиям было собрано 120 тонн мусора.
«Участвуя в данной акции, мы не только убираем территории от мусора, но и вместе с нашими согражданами приводим их в порядок, делаем наш город более уютным и чистым. Это важный шаг к сохранению природы и созданию комфортной среды для всех жителей»,- поделился впечатлением один из участников субботника, депутат областного маслихата Бижан Калмаганбетов. К акции активно присоединились неравнодушные жители города, государственные служащие, представители областного маслихата, а также члены трудовых отрядов «Жасыл ел». Вместе они работали над благоустройством общественных пространств - центрального парка, аллеи «Влюбленных», Триатлон парка и других объектов. Это яркий пример единства и солидарности городского сообщества в деле охраны окружающей среды и благоустройства Актобе. #ТазаҚазақстан #TazaQazaqstan
Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi