Аким области Асхат Шахаров принял участие в общегородском субботнике

Өңір басшысы қалалық сенбілікке қатысты  Облыс әкімі Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысты. Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, «Ғашықтар» аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті. Әкіммен бірге сенбілікке облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары атсалысты.    Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас «Ғашықтар аллеясындағы» тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.    Саябақта демалып жүрген ақтөбеліктермен де аймақ басшысы тілдесіп, саулық сұрасты. Қала тұрғындары Геннадий Викторович те, Әлібек Қалмырзаев та бос уақыттарын тиімді өткізу үшін осы демалыс орнына келеді екен. Таңғы жаттығу жасау, шахмат ойнау, газет оқу - айналысатын істері. Олар өңір басшысына саябақтың жарық шамдарын ауыстырып беруді сұрады. Жақын күндері мәселе шешімін табады, саябаққа жауапты кәсіпорын жұмысшылары шамдардың кабельдерін ауыстыруда.    Сонымен қатар, Асхат Шахаров Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.    Бүгінгі  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.

Глава региона принял участие в городском субботнике    Аким области Асхат Шахаров принял участие в общегородском субботнике, организованном в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан».   Субботники прошли по всей области. В городе санитарную уборку провели в Центральном парке, Триатлон-парке, на Аллее влюбленных и в других местах.   Вместе с акимом приводить в порядок общественные места отдыха вышли депутаты областного и городского маслихатов, работники государственных учреждений, предприятий и организаций, трудовые отряды «Жасыл ел».   Асхат Шахаров в беседе с бойцами трудотрядов отметил, что важно беречь природу, и что большой вклад в это вносит молодежь. Более 70 молодых людей подметали тротуары на Аллее влюбленных и собирали сухую траву.   Глава региона побеседовал с актюбинцами,отдыхавшими в парке. Для жителей города Геннадия Викторовича и Алибека Калмырзаева этот парк – излюбленное место отдыха. Оба любят делать гимнастику на свежем воздухе, играть в шахматы, читать газеты. Они попросили главу региона поменять освещение в парке. В ближайшие дни вопрос со светом в парке будет решен, работники подрядной организации уже заменяют кабели освещения.   Асхат Шахаров также присоединился к тем, кто убирался на территории Триатлон-парка. Зеленая зона была засорена мусором и сухостоем. Здесь убирались около ста человек.   В ходе общегородского субботника было собрано более 120 тонн мусора. В этот день мусор бесплатно принимался на полигоне.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 137
Категория: 
�����