Ақтөбе облысының халқын ауызсумен қамту мәселесі 2025 жылы шешіледі Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында өңірдің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Арысұлан Айтбаев облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ету бойынша қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы айтып берді. ➤ 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 320 елді мекеннің 283-і (88,4%) немесе 921 мың адам (99,2%) ауыз сумен қамтамасыз етілді, 37 ауыл су ұңғымасын пайдаланып отыр. ➤ Биыл 26 жобаны жүзеге асыру үшін 8,3 млрд теңге қарастырылған. Яғни, 15 ауыл – орталық су жүйесімен қамтылады, 2 ауылға кешенді блок модуль (КБМ) орнатылады. 9 елді мекенде қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
Проблема обеспечения питьевой водой населения Актюбинской области будет решена в 2025 году Вопрос обеспечения населенных пунктов региона качественной питьевой водой рассматривался на совещании под председательством акима области Асхата Шахарова. Руководитель управления энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Арысулан Айтбаев рассказал о том, какие меры принимаются по обеспечению жителей области водоснабжением. ➤ По итогам 2023 года в Актюбинской области из 320 населенных пунктов 283 (88,4%) или 921 тысяча человек (99,2%) обеспечены питьевой водой, в 37 населенных пунктах (11,5%) пользуются скважинами. ➤ В этом году на реализацию 26 проектов предусмотрено 8,3 млрд тенге. В рамках проектов 15 сел будут обеспечены центральной системой водоснабжения, а в 2 селах установят комплексные блок-модули (КБМ). В 9 населенных пунктах ведутся работы по реконструкции.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi