Такси жүргізушілерінің қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы: Ақтөбеде заңсыз такси жүргізушілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өтуде
Тәртіп сақшылары “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында облыс аумағында жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілердің рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексереді. Сонымен қатар, жолаушыларды сақтандыру қағаздары болуы тиіс - бұл заңнамада көзделген азаматтардың мүдделерін қорғау шараларының бірі.
«Заңсыз тасымалдаушылар өз жолаушыларының өмірі мен денсаулығы, жүктің сақталуы үшін іс жүзінде ешқандай жауапкершілік көтермейтінін түсіну маңызды», — деп түсіндіреді Патрульдік полиция ротасының взвод командирі Жеңісбек Мұратов.
Полицияның тәжірибесінде есірткілік мас күйінде жолаушылар тасымалдаған жүргізушілер де болған. Заңсыз тасымалмен айналысатындар көлік құралдарының техникалық жай-күйін де бақыламайды.
Заңсыз тасымалдаушылар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, полиция Қазақстан Республикасына уақытша әкелінгендерді қоспағанда, шетелдік тіркеуі бар автомобильдерде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады.
Жыл басынан бері облыс жолдарында барлығы 25 “заңсыз” такси жүргізушісі анықталды және олардын қатысуымен екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 12 адам жарақат алса 8 адам көз жұмды.
Два дорожно-транспортных происшествий с участием водителей такси; рейдовые мероприятия по выявлению нелегальных таксистов проходят на территории Актюбинской области.
Стражи порядка в рамках ОПМ «Автобус» проверяют у водителей, перевозящих пассажиров и грузы, наличие разрешительных документов. В их число должна входить страховка на пассажиров — это одна из мер защиты интересов клиентов, предусмотренных законодательством.
«Нелегальные перевозчики фактически не несут никакой ответственности за жизнь и здоровье своих пассажиров, сохранность груза, — поясняет командир взвода роты патрульной полиции Женисбек Муратов.
— В практике были даже нелегальные водители, садившиеся за руль в состоянии наркотического опьянения. Техническое состояние их транспортных средств не контролируется. Призываем всех водителей, для которых частный извоз является средством заработка, трудоустраиваться официально — это поможет защитить интересы как перевозчиков, так и их клиентов.
Нарушителей ждёт ответственности по статье 463 Кодекса РК об административных правонарушениях. Также полицейские напоминают, что запрещена перевозка пассажиров и грузов на автомобилях с иностранной регистрацией, за исключением временно ввезённых в РК. Всего с начала года на дорогах области выявлено 25 таксистов-«нелегалов» и с участие «таксистов» произошло два ДТП, где 12 человек получили различные телесные повреждения и 8 человек погибло.