Жилые дома для пострадавших от паводка семей в Мугалжарском районе строят на возвышенности

Мұғалжар ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға арналған тұрғын үйлер биіктеу жерден салынуда Қазіргі таңда үйлері суға кеткен отбасыларды баспанамен қамту мақсатында Жағабұлақ ауылында жаңа 9 үй үйдің құрылысы басталды. Батпақкөл ауылдық округінің әкімі Мейрамбек Боқашевтің айтуынша, бұл ауылда барлығы 50 үйді су басқан. Оның 46-сы «апаттық жағдайда болғандықтан тұруға жарамсыз» деп танылды. 37 үй иесі дайын үйге көшуге ниет білдірді. Олар қазір сатып алатын үйлерін қайталама нарықтан қарап жүр. Қалған 4 отбасына үйлерін жөндеуге қаражат төленді.

«Жаңа үйлерді салуға ауылдағы биіктеу жер таңдалды. Ол жерге инженерлік коммуникациялар жеткізілді. Құрылысты «Айлин Строй Трейд» компаниясы қолға алды. Қазіргі уақытта құрылыс басында 30 құрылысшы жұмыс істеп жүр. Компания басшылығы құрылыстың қарқынын жеделдету үшін қосымша жұмысшыларды тартпақ. Жаңа үйлерді шілде айының соңы — тамыз айының басында тапсыру жоспарда бар»,— дейді Мейрамбек Боқашев.    Сонымен қатар аумағы 80 шаршы метрлік типтік 5 үй Бірлік ауылында да салынбақ. Көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша 76 тұрғын үйге, 8 шаруа қожалығына, 3 коммерциялық нысанға зақым келіпті. Су тасқынынан зардап шеккендерге 26 миллион теңгеден астам біржолғы төлемақы төленген.

Жилые дома для пострадавших от паводка семей в Мугалжарском районе строят на возвышенности   В настоящее время в селе Жагабулак начато строительство 9 домов для пострадавших от паводка. По словам акима Батпаккольского сельского округа Мирамбека Бокашева, в этом селе было затоплено 50 домов. 46 из них были признаны аварийными. 37 владельцев выразили желание переехать в готовый дом. Сейчас они просматривают варианты для покупки дома. Остальным 4 семьям выплачены средства на ремонт домов.

«Для строительства домов выбрали участок на возвышенности. Сразу же туда подвели коммуникации. Строит дома ТОО «Айлин Строй Трейд». Сейчас на площадке работает 30 строителей, но, чтобы ускорить темпы строительства компания привлечет дополнительных рабочих. В планах сдать дома в конце июля - начале августа»,- рассказывает аким Мирамбек Бокашев.  Кроме того, в селе Бирлик будут построены 5 типовых домов площадью 80 квадратных метров. Во время весеннего паводка в Мугалжарском районе были повреждены 76 жилых домов, 8 фермерских хозяйств и 3 коммерческих объекта. В качестве единовременной выплаты пострадавшим от наводнения было выплачено более 26 миллионов тенге.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 133
Категория: 
�����