Заседание Совета по взаимодействию и сотрудничеству с неправительственными организациями при акиме Актюбинской области

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес өтті  Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі Кеңес отырысы өтті.  Кеңес отырысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйым төрағалары және бейнеконференц байланысы арқылы 12 аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ішкі саясат бөлімдері қатысты. Шара барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылып жатырған әлеуметтік жобалар, үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорына мәлімет ұсынуының нәтижесі, Ақтөбе облысы Азаматтық орталығының қызметі мәселелері талқыланып, үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста 843 үкіметтік емес ұйым тіркелген.  Сонымен қатар, облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға, білім, жастар саясаты, гендерлік мәселелер, волонтерлік бастамаларды қолдау, халықты жұмыспен қамту, азаматтардың денсаулығын сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көмек көрсетуге бағытталған 98 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Неправительственные организации призвали к сотрудничеству  Заседание Совета по взаимодействию и сотрудничеству с неправительственными организациями при акиме Актюбинской области прошло под председательством заместителя акима области Галымжана Елеуова.  В нем приняли участие представители государственных органов, председатели общественных организаций, по видеоконференцсвязи к заседанию подключились заместители акимов 12 районов и руководители районных отделов внутренней политики. В ходе мероприятия были обсуждены социальные проекты, реализуемые в рамках государственного социального заказа, отчеты НПО, вносимые в базу данных, деятельность Общественного центра Актюбинской области, а также заслушаны мнения и предложения представителей неправительственного сектора.  Сегодня в регионе зарегистрировано 843 НПО. Ими реализуются 98 социальных проектов, направленных на поддержку социально уязвимых слоев населения, касающихся сферы образования, молодежной политики, по гендерным вопросам, поддержки волонтерских инициатив, трудоустройства населения, охраны здоровья граждан, помощи людям, оказавшимся в трудной жизненной ситуации.

Источник. t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 160
Категория: 
�����