Пострадавшим от паводков жителям Актобе вручили ключи от нового жилья  

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа баспананың кілті табысталды    Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқынынан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға жаңа баспаналардың  кілті табысталды. Алғашқы 31 үйдің  тұрғындарын қоныстоймен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен облыс әкімі Асхат Шахаров құттықтады.    Вице-премьер ақтөбеліктерге табандылық пен шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған кәсіпкерлерге алғысын білдірді.  

«Біздің ата-бабаларымыз әр ауыртпалықтың артында жеңілдік бар деген. Ал төзімділік - жанашырлық, өзара көмек көрсету сияқты - қазақ халқына тән мінездің ажырамас ерекшелігі. Қазіргі жағдай мұның тағы бір дәлелі болып отыр.  Президенттің үндеуін жауапсыз қалдырмаған меценаттардың арқасында облыстағы су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға пәтер сатып алынып, үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, Ақтөбеде бүгін 31 отбасы жаңа баспана иегері атанып отыр. Жаңа тұрғын үй – бұл жаңа өмір бастамасы. Ендеше барлық сәтсіздіктер, қиыншылықтар өткенге айналсын, ал жаңа өмірде тек бақыт пен қуаныш болсын деп тілеймін»,- деді Қанат Бозымбаев.    Бұл үйлерді сатып алуға Eurasian Resources Group компаниялар тобы мен «Қамқор-Ақтөбе 2024» қоғамдық қоры мұрындық болды.

Пострадавшим от паводков жителям Актобе вручили ключи от нового жилья    В Актобе ключи от квартир получили жители, чьи дома были разрушены из-за паводка. 31 семью поздравили заместитель Премьер-министра РК Канат Бозумбаев и аким области Асхат Шахаров.    Вице-премьер поблагодарил актюбинцев за стойкость и терпение, а также бизнесменов, поддержавших призыв Главы государства.  

«Неотъемлемой чертой характера казахского народа являются сострадание и взаимовыручка. Нынешняя ситуация – тому подтверждение. Благодаря меценатам, которые не оставили без внимания обращение Президента, для пострадавших от паводка семей в регионе покупаются квартиры, строятся дома. Сегодня 31 семья переезжает в новое жилье в Актобе. Новый дом – это начало новой жизни. Поэтому желаю, чтобы все неудачи и трудности остались в прошлом, и чтобы в новой жизни было только счастье и радость»,- сказал Канат Бозумбаев.    Это жилье приобретено за счет средств группы компаний Eurasian Resources Group и общественного фонда «Қамқор-Ақтөбе 2024».

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 118
Категория: 
�����