Медсестра из Кобды проявила преданность своей профессии, несмотря на то, что сама пострадала во время паводка

Қобдалық мейірбике су тасқыны кезінде үйі бұзылғанына қарамастан, қызметіне адалдық танытқан  Медицина саласында 40 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Баянсұлу Сұлтанова көктемгі су тасқыны кезіндегі сын сағаты енді қайталанбасын дейді.  Биылғы наурыз айында қарғын судың кесірінен оның үйі бұзылған. Бүкіл жиған-тергені көз алдында суға шайылып кетіпті. Құтқарушылар көмегімен қауіпсіз жерге, өзінің жұмыс істейтін орны - Қобда аудандық ауруханасына отбасымен көшірілген. Сол сәтте басына түскен қиын жағдайға қарамастан, тасқын судан зардап шеккендерге көмектесіп, мамандық алдында адалдық танытыпты. Жерлестеріне көмектесіп, оларды аурухана палаталарына жатқызуға себепші болыпты.

«Табиғаттың тосын мінезіне қарсы келе алмайсың. Биылғыдай су деңгейі бұрын-соңды болған жоқ. Екі метрден асты. Бірдеңе істеуге құлықсыз болдық. Нақты есімде жоқ, бірақ 26 ма әлде 27 ма екен үй құлады. Сол үйлердің иелері, бәріміз, 40 шақты адам аудандық ауруханаға орналастырылдық. Үйім суға кетіп, құласа да, жұмыста жүрдік. Біреуінің басы, біреуінің жүрегі айныды. Шағым айтқанның барлығына жүгіріп жүріп, көмек бердік. Жағдайды көріп, бір бөлмеге кіріп жылап аламын, қайтадан жұмыс орныма оралғанда білдіртпей, күліп жүремін. Зардап шеккендерге қол ұшын созған барлық жанға, әріптестерге алғысым шексіз. Моралдық тұрғыда үлкен қолдау білдірді»,- деді Баянсұлу Сапарова.  Қобдалық тұрғынға бірреттік әлеуметтік төлем, материалдық шығынға көмек берілген. Аудан орталығынан салынып жатқан жаңа үйлердің біреуі Баянсұлу Сапароваға бұйырады.  14 маусым күні Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты шарада мейірбикенің еңбегі еленді, Алғыс хатпен марапатталды. Жалпы, Ақтөбе облысында орын алған су тасқыны кезінде 100 медицина қызметкері жапа шекті. Бастарына түскен қиын жағдайға мойымай, олар қызметін адал атқарды, көмекке мұқтаж қол ұшын созды.

Медсестра из Кобды проявила преданность своей профессии, несмотря на то, что сама пострадала во время паводка  Баянсулу Султанова работает в медицине уже 40 лет. Женщина высказывает пожелание, чтобы подобной ситуации с паводком больше не повторилось.  В марте во время паводка был разрушен ее дом. Его смыло водой у нее на глазах. Спасатели перевезли Баянсулу с ее семьей в безопасное место - в Кобдинскую районную больницу, где она работает медсестрой. Больницу тогда приспособили под эвакуационный пункт. Несмотря на собственную сложную ситуацию, Баянсулу стала принимать поступающих в больницу пострадавших от паводка, осматривать их и помогать им размещаться в палатах.

«Перед стихией никто не устоит. Такой воды как в этом году никогда не было. Уровень воды поднялся выше двух метров. Мы ничего не смогли поделать. Наш дом обрушился 26 или 27 числа, точно не помню. Нас всех пострадавших около 40 человек поместили в районную больницу. Я продолжала там работать. У одного из эвакуированных закружилась голова, другого подташнило. Мы помогали всем, кто жаловался на недомогание. Сама старалась держаться: зайду в комнату поплачу, возвращаюсь на рабочее место, продолжаю улыбаться. Я благодарна своим коллегам, односельчанам и всем другим, кто помогал нам, оказывал моральную поддержку в те трудные часы»,- говорит Баянсулу Сапарова.  Женщине была выдана единовременная социальная выплата и компенсация за материальный ущерб. Один из новых домов, строящихся в Кобде, принадлежит Баянсулу Сапаровой. Всего во время паводка в Актюбинской области пострадали 100 медицинских работников. Не отчаиваясь в сложной ситуации, они добросовестно выполняли свои обязанности и помогали тем, кто нуждался в помощи.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 143
Категория: 
�����