В Уилском районе 132 пострадавшие семьи получили новое жилье

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тасқын судан зардап шеккен 132 отбасы баспаналы болды Өңірде табиғи апат салдарын жою жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қираған үйлердің орнына жаңасы салынып, жақын арада қолданысқа беріледі. Тасқын судан түгел қираған Екпетал ауылының тұрғыны Еркін Жакин аудан орталығына қоныс аударды. Отбасына жайлы баспана тапқан соң қажетті қаржы қайрымдылық қорнан бөлінді. Еркін Жакин, Ойыл ауылының тұрғыны: - Бәрі салулы. Қорасы бар, ауласы бар. Сарайы бар. Жақсы. Маған дайын есебінде көп көмек болды. Мазаланбаймын ғой «ананы саламын, мынаны саламын» деп.

Зоя Жакина, Ойыл ауылының тұрғыны: - Алма бар, алмұрт бар, шие бар. Бәрі бар. Жүзім де тұр. Бұрынғы отырған адам егіп кеткен бәрін. Жақсы. Өзімізге ұнады. Осындай өзіміздің еліміз сияқты. Көгал айналамыз.

Аудан орталығынан 132 үй сатып алынды. Тағы 39 тұрғын тиісті құжаттарды дайындап жатыр. Бұдан бөлек, жаңа үйлердің де құрылысы да қарқынды. Мәселен, аудан орталығы Ойыл ауылында 19 үй салынып жатыр. Алпамыс Жаржанов, құрылыс компаниясының өкілі: - Қазір мына екі төбені жауып болғаннан кейін электромонтажниктер келіп, электр желілерін жүргізе бастайды. Екі үйді бітіріп болғаннан кейін «отделкіге» кіріседі. Бір айға жетпей қоныстанады деп ойлаймыз.

Жаңа үйлердің дені Қаратал ауылында. Мұнда 131 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Жалпы Ойыл ауданында 328 үйді су басқан еді. Жергілікті билік тамыздың аяғына дейін зардап шеккендерді жаңа үймен толықтай қамтуды көздеп отыр.

В Уилском районе 132 пострадавшие семьи получили новое жилье А еще в регионе полным ходом ликвидируют последствия стихийного бедствия. После паводка дом Еркина Жакина стал непригодным для проживания. Из села Екпетал мужчина переехал в районный центр. Там его семье купили новое жильё за счёт благотворительного фонда. Комфортный дом пришёлся по душе новым жильцам. Еркин Жакин, житель с. Уил: - Всё построено. Есть загон для скота, сарай и двор. Даже не нужно беспокоиться о возведении хозпостроек. Нам очень нравится. Спасибо за оказанную помощь.

Зоя Жакина, жительница с. Уил: - Растут разные фруктовые деревья. Есть яблони, груши, вишня и виноград. Здесь также зелено, как в нашем селе. Всё устраивает, обживаемся потихоньку.

В райцентре для пострадавших от паводка семей купили 132 таких дома. Ещё 39 жителей оформляют необходимые документы. Наряду с этим ведётся активное строительство нового жилья. В частности, в районном центре – селе Уил возводят 19 домов. Алпамыс Жаржанов, представитель строительной компании: - Мы завершаем строительство крыши. После проведём проводку. Возвели два дома и уже приступили к отделочным работам. Думаем, что меньше чем через месяц сюда заселим жильцов.

Большинство новых домов появится в селе Каратал, здесь строят 131 дом. Всего в Уилском районе паводком разрушено 328 домов. До конца августа местные власти намерены обеспечить жильём всех пострадавших жителей.

Источник: «24.kz»

Просмотров: 255
Категория: 
�����