В честь Дня отца прошла торжественная церемония

 

Әкелер күніне арналған салтанатты шара өтті Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия Хатшылығы және облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Әке – отбасының тірегі» атты Әкелер күніне арналған салтанатты шара өтті.  Шараның мақсаты - әкелер институтын нығайту, олардың отбасындағы рөлін арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.  Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов облыстағы әкелердің жетістіктері мен ұрпақ тәрбиелеуде кездесіп жатқан мәселелерге тоқталды.  Шара барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана институтын нығайту және қоғамдық істерге белсене араласып, көпке үлгі боларлық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, өнегелі ұрпақ тәрбилеген, үлгілі 19 әке облыс әкімі Асхат Шахаровтың атынан Алғыс хатпен марапатталды. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Мерейлі отбасы - 2023» облыстық байқауының жеңімпазы, батагөй ата, отанасы Марияшпен 58 жыл тату - тәтті өмір сүріп, 6 бала, 16 немере, 8 шөбере тәрбиелеп отырған Марат Қабижанов жастарға ұлағатты сөзін айтып, батасын берді. Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қайсар Құлымов «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі», «Қазақстанның әкелері» Республикалық әкелер Қоғамдастығының өкілі, №41 мектеп-гимназияның әкелер кеңесінің төрағасы, кітап насихаттаушы Жасұлан Қазгелдіұлы «Отбасымен кітап оқу, талдау мәдениетін қалыптастыру», Ферроқорытпа зауытының бригадирі, балқытушы, 2 ұлдың әкесі  Айдарбек Мақатов «Отбасындағы тәртіп және еңбектің пайдасы», Ақтөбе облысы бойынша «Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының» Президенті Арман Елдесов «Қайырымдылық – әрбір азаматтың міндеті» туралы және 28 баланың әкесі, Үлгілі әке Өмірхан Жетесов іс-тәжірибелерімен бөлісе отырып, өз ұсыныстарын ортаға салды.  Қоғам үшін пайдалы істердің ұйытқысы болып, уақытпен санаспай, өңірде су тасқыны орын алған қиын сәттерде мұқтаж жандарға қол ұшын созған 19 белсенді-волонтерді облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің  Алғыс хатымен марапатталды. Салтанатты шара әкелердің құрметіне арналған концерттік бағдарламаға ұласты.

В честь Дня отца прошла торжественная церемония Секретариатом комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при акиме области и областным управлением образования было организовано торжественное мероприятие, посвященное Дню отца «Отец – опора семьи».  Цель мероприятия – укрепление института отцов, повышение их роли в семье, предотвращение домашнего насилия.  Заместитель акима области Галымжан Елеуов рассказал о достижениях отцов области и проблемах, с которыми сталкиваются в воспитании поколений.  В ходе мероприятия Благодарственным письмом от акима области Асхата Шахарова были награждены 19 образцовых отцов, воспитавших нравственное поколение, активно участвовавших в общественных делах и пропаганде семейных ценностей, укреплении родительского института, организации примерной работы. Марат Кабижанов — член Союза журналистов Казахстана, победитель областного конкурса «Мерейлі отбасы — 2023», который 58 лет живёт в счастливом браке с супругой Марияш апай и вместе воспитали 6 детей, которые подарили им 16 внуков и 8 правнуков, благославил молодых отцов. Марат Кабижанов является примером для молодёжи и источником вдохновения. Кайсар Кулымов — учитель казахского языка и литературы, заместитель директора по учебной работе в Актюбинском областном специализированном физико-математическом лицее-интернате своем выступлении  поднимает важную тему — «Роль отца в воспитании детей». Представитель республиканского отцовского сообщества «Отцы Казахстана», председатель Совета отцов школы-гимназии № 41, Жасулан Казгельдиевич делился опытом работы по формированию культуры чтения и анализа в семье. Айдарбек Макатов — бригадир ферросплавного завода, плавильщик, отец двух сыновей. Он уверен, что порядок в семье и польза труда важны для каждого. Арман Елдесов, президент «Ассоциации неправительственных организаций» Актюбинской области считает, что благотворительность — это обязанность каждого гражданина. Образцовый отец 28 детей - Умирхан Жетесов рассказал о своём опыте и предложил свои идеи.  19 волонтёров-активистов были отмечены благодарственным письмом заместителя акима области Галымжана Елеуова. Они не жалели времени и сил, чтобы помочь тем, кто нуждался в поддержке во время наводнения в нашем регионе. Торжественное мероприятие продолжилось выступлениями лучших творческих коллективов.

Источник.http://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 262
Категория: 
�����