К строительству жилья для пострадавших от паводков приступили в Актюбинской области

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендер үшін жаңа үйлер салынуда  Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен Нұра ауылының тұрғындары үшін Сарыобадан жаңа үйлер салынып жатыр. Бұл аумақты ауылдықтардың өздері таңдаған. Жоспар бойынша мұнда 74 баспана тұрғызылады. Сондай-ақ көгілдір отын, ауыз су және жарық желілері тартылады. 11 мердігер компания қажетті құрылыс материалдарымен қамтылған.  Бұдан бөлек, Ырғыз ауылында 50 үй салынып жатыр. Жалпы, Ырғыз ауданы бойынша көктемгі тасқын салдарынан 167 баспана су астында қалған. Мамандардың айтуынша, 6 үй жөнделіп, 134-і жаңадан салынады. Қалған  27 отбасы дайын үйге қоныс аударған. Аслан Жарасбаев, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

- Нұра ауылын Сарыоба жеріне көшіріп жатырмыз. Соған байланысты инженерлік желілер тарту қажет. Ал мектепке келетін болсақ, мектептің жобасы қазіргі таңда жасалынып жатыр. Бірақ ол мектеп бір жылда бітетін шаруа емес. Сондықтан осы оқу жылында балаларды қай жерде оқыту мәселесі әлі де қаралуда.

К строительству жилья для пострадавших от паводков приступили в Актюбинской области  К строительству жилья для пострадавших от паводков приступили в Актюбинской области. 74 дома для жителей села Нура построят в местности Сарыоба. К новому участку проведут электричество, воду и газ. В работах задействовали 11 подрядчиков. В акимате говорят, что им поставили четкую задачу сдать объекты в срок, всеми необходимыми ресурсами их уже снабдили. Еще 50 домов строят в райцентре Ыргызского района.  Отметим, что всего в районе подтопило 167 домов. Большинство из них предстоит отстроить заново, а вот шесть подлежат восстановлению. В тоже время 27 семей предпочли приобрести дома на вторичном рынке. Аслан Жарасбаев, заместитель руководителя Управления строительства, архитектуры и градостроительства:- Сельчан переселяем в безопасную местность на возвышенности. Конечно, предстоит провести инженерные коммуникации. Все расходы предусмотрели. Что касается строительства школы, в краткосрочной перспективе вопрос вряд ли удастся решить. Поэтому сейчас думаем, где будем обучать детей этой осенью.

Источник: khabar.kz

Просмотров: 166
Категория: 
�����