В ходе объезда города Асхат Шахаров ознакомился с ходом капитального ремонта автодороги по улице Машхур Жусип Копейулы (бывшая улица С. Разина

«Биыл қала бойынша жалпы ұзындығы 84,4 шақырымды құрайтын жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Қаржыландыру мәселесіне қарай,  қарай қосымша жобаларды қабылдай отырып, көлемді арттырамыз. Біріншіден, біз бірде-бір жөндеу көрмеген жолдарды ретке келтіреміз. Қазір Заречный, Жаңақоныс, Оңтүстік-Батыс-2 және басқа да бірқатар тұрғын алапта жолдар жөнделуде. Былтыр басталған 24 жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Әр жобаға елді мекендердегі бірнеше көше кіреді. Оның ішінде, мысалы, Кірпіштідегі 23 көше, Оңтүстік-Батыс-2-дегі 21 көше, Ясный-2-дегі - 15 көше. 15 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу керек, тағы жеті көшенің жолы күрделі жөндеуден өтеді. 16 тұрғын алаптағы мектептердің кіреберіс жолдары салынады. Сонымен қатар шұңқырларды жөндеу жалғасуда»,- деп түсіндірді облыс әкімі.  Қаланы аралау кезінде Асхат Шахаров Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесіндегі (бұрынғы С.Разин көшесі) автожолға күрделі жөндеу барысымен танысты. «Ақтөбе Кап-Рем-Строй» ЖШС мердігер ұйымы бес ай ішінде 1 шақырым жолды жөндеуі тиіс. Жобаның құны 313,3 млн теңге. Облыс әкімі Заречныйдағы Мұхаммед-Салық Бабажанов көшесінде де болып, орташа жөндеу жүргізіліп жатқан жол учаскелерін қарап шықты.   Өңір басшысы мердігер компанияларға жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуді және көрсетілген мерзімде сапалы жөндеу жүргізуді тапсырды.

«В этом году по городу планируем отремонтировать дорогу общей протяженностью 84,4 километра. По мере решения вопроса финансирования будем наращивать объемы, беря дополнительные проекты. В первую очередь приводим в порядок дороги, которые никогда не ремонтировались. Сейчас идет ремонт дорог в Заречном, Жанаконысе, Юго-западе-2 и ряде других массивов. Продолжается работа по 24 проектам, начатым в прошлом году. В каждый проект входит несколько улиц в населенных пунктах. Из них, например, 23 улицы на Кирпичном, 21 улица на Юго-Западе-2, 15 улиц в Ясном-2. Предстоит сделать средний ремонт дорог на 15 улицах, еще на семи улицах дороги капитально отремонтируют. В 16 массивах построят подъездные пути к школам. Одновременно с этим продолжается и текущий ямочный ремонт»,- разъяснил аким области.  В ходе объезда города Асхат Шахаров ознакомился с ходом капитального ремонта автодороги по улице Машхур Жусип Копейулы (бывшая улица С. Разина). Подрядная организация ТОО «Актобе Кап-Рем-Строй» за пять месяцев отремонтирует 1 км дороги. Стоимость проекта составила 313,3 млн тенге. Аким области осмотрел участки дорог, где идет средний ремонт, побывав на улице Мухаммед-Салык Бабажанова в Заречном. Осмотрев работы глава региона поручил подрядным организациям не снижать темпы работ и провести ремонт качественно в указанные сроки.  

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 179
Категория: 
�����