Аким области посетил АО «Актюбинская ТЭЦ», где ознакомился с проводимой работой

Облыс әкімі Асхат Шахаров «Ақтөбе ЖЭО» АҚ барып, мұндағы жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты  Бүгінде «Ақтөбе ЖЭО» акционерлік қоғамында 11 бу қазандығы, 6 турбоагрегат және 5 ыстық су қазандығы бар. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жабдықтардың тозу көрсеткіші 41,78 пайыз. Компания басшысы Бақтияр Ізбасаров 2028 жылға қарай жөндеу жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш 36,2 пайызға дейін төмендейтінін жеткізді. Қазіргі таңда жылу энергиясының негізгі тұтынушылары — облыстағы 11 кәсіпорын. Олардың қатарында «Aqtobe su-energy group» акционерлік қоғамы, Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Лотос-Ақтөбе» және «Meridian» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар.

«Бүгінде «Ақтөбе жылу электр орталығы» АҚ жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бу қазандықтарының 38 пайызы, турбоагрегаттардың 64 пайызы, ыстық су қазандарының 60 пайызы жөнделді. Бұлардың ішінде қазандықты жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен жүргізсек, турбоагрегаттарды мердігер мекемелер жөндейді. Қазір жөндеу жұмыстарын жүргізуде мәселе жоқ. Жоспарға сәйкес, жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстары толық аяқталады. Күн суытқанда компания қала халқын жылу және ыстық сумен толығымен қамтамасыз етеді»,- дейді мекеменің бас инженері Александр Давыскиба. Биыл инвестициялық бағдарлама бойынша мекемеге 4,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Ал «Инвестицияға айырбас тарифі» бағдарламасы арқылы бұл қаржы көлемі 22 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған. Осы орайда компания 2027 жылға дейін су жылыту және бу қазандықтарын ауыстыруды жоспарлап отыр. Айта кету керек, бұл компанияда бүгінде 630-дан астам адам жұмыс істейді.

Аким области посетил АО «Актюбинская ТЭЦ», где ознакомился с проводимой работой  На балансе АО «Актобе ТЭЦ» находятся 11 паровых котлов, шесть турбоагрегатов и пять водогрейных котлов. По состоянию на 1 января износ оборудования составлял 41,78%. До 2028 года этот показатель должен снизиться до 36,2% благодаря ремонтным работам, подчеркнул Председатель Правления Бахтияр Избасаров. Как отметил руководитель станции, основными потребителями тепловой энергии являются 11 компаний, среди которых АО «Aqtobe su-energy group», АО «АЗХС», АЗФ, ТОО «Лотос-Актобе», ТОО «Meridian» и другие.

«На сегодняшний день на «Актобе ТЭЦ» ведутся ремонтные работы. Отремонтированы 38% паровых котлов, 67% турбоагрегатов и на 60% водогрейные котлы. Ремонт котлов выполняются собственными силами, к ремонту турбоагрегатов привлечены подрядные организации. Проблем и отставания от графика нет. В связи с дополнительными объемами работ, выявленными в ходе вскрытия основного оборудования, произведена корректировка проекта. К началу отопительного сезона ремонт основного и вспомогательного оборудования будет закончен. Паспорт готовности получим и АО «Актобе ТЭЦ» будет обеспечивать город теплом и горячим водоснабжением согласно параметрам»- рассказал главный инженер станции Александр Давыскиба. В этом году по инвестпрограмме было предусмотрено 4,9 миллиардов тенге. Посредством программы «Тариф в обмен на инвестиции» эта сумма была увеличена до 22 миллиардов тенге. В связи с этим в планы предприятия включили замену водогрейного и парового котлов до 2027 года, не считая ремонтные работы. Стоит отметить, что в этой компании сегодня работает более 630 человек.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 178
Категория: 
�����