В селе Нура построят фельдшерско-акушерский пункт

Нұра ауылында фельдшерлік-акушерлік пункті салынады Нысан «Ауылдық жерлерде денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтермек. Құрылысы биыл Нұра ауылының тұрғындары көшірілетін Сарыобада басталады.  Қазіргі таңда фельдшерлік-акушерлік пунктінің жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Құрылысқа деп бөлінген жер телімінің құқығы Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасына тіркелді.  Нысанды «МКК-«Элит Строй» ЖШС салады.  Сондай-ақ, Сарыобада мектеп салу мәселесі де шешілді. Күні кеше 60 орындық білім ордасының қазығы қағылды. «Қуанышбек» компаниясы жыл соңына дейін құрылысты аяқтауға уәде беріп отыр. Бағытталған қаржы - 505 млн теңгеден асады.  Сарыобаны инфрақұрылыммен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бүгінгі күні жобалаушы мекеме жұмыстарды бастап кетті. Көгілдір отын ауылға Нұраға дейін газ келіп тұрған құбырмен жеткізіледі. Электр қуатымен жабдықтау мәселесі болса, 35 кВт қосалқы станция салумен шешілмек. Ал ауызсу Нұра елді мекеніндегі бұрынғы көтерме сорғы арқылы тартылады.

В селе Нура построят фельдшерско-акушерский пункт ФАП будет построен в рамках пилотного национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения». Строительство начнут в этом году в Сарыобе, куда переселят жителей села Нура.  Проектно-сметная документация фельдшерско-акушерского пункта уже готова. Право на земельный участок, выделенный под строительство, зарегистрировано в Актюбинском областном управлении строительства.  Работы будет вести подрядная организация ТОО «МКК-«Элит Строй».  Также был решен вопрос строительства школы в Сарыобе. Вчера заложили первый камень учебного учреждения на 60 мест. Компания «Куанышбек» обещает завершить строительство к концу года. Выделенные средства превышают 505 млн тенге.  Вопрос обеспечения Сарыобы инфраструктурой полностью решен. Сегодня подрядчики приступили к работе. Голубое топливо доставляется в село по газопроводу от Нуры. Если возникнет проблема с электроснабжением, ее решат путем строительства подстанции мощностью 35 кВ. Питьевую воду качают насосом из колонки в Нуре.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

 

Просмотров: 175
Категория: 
�����