«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды Жаңа автомобиль жолын салу жұмыстары Ақжар және Жазық (Просторное) ауылдары аумағында басталды. Құрылысшылар «Самара-Шымкент» тасжолының 791-819 шақырым аралығын салады. Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров «Қазавтожол» мекемесінің Ақтөбедегі өкілдері және «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ұйымымен кездесіп, жұмыс барысын көрді. Қысқы мерзімді қоспағанда, 34 айдың ішінде халықаралық маңызы бар 28 шақырым жол қайта жаңғыртылады. «Сине Мидас Строй» ЖШС жолдың жер төсемін салу және нығыздауға кірісті. Алты карьер дайындалған: бес топырақты және бір қиыршық тасшығаратын. Құрылыс бригадалары екі ауысымда жұмыс істеуде.
«Учаскеде 89 бірлік техника және 120 адам жұмыс істеп жатыр. Жұмысты жеделдету үшін қосымша техника мен жұмысшыларды тартамыз. Биылғы жылы барлық жер жұмыстарын аяқтауды, сондай-ақ жол бойында еріген қар суын өткізетін құбырларды салуды жоспарлап отырмыз. Бұл учаскеде 2 көпір, 2 көпір өткелі болады. Оның біреуі Тассай ауылының тұсында салынады. Жоба бойынша 39 құбыр тартылады, 16 қиылыс, бір демалыс аймағы болады, 4 автобус аялдамасын орнату қарастырылған»,- деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Айбол Данағұл. Айта кету керек, «Самара-Шымкент» трассасын қайта жаңарту екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде жаңа автожолдың құрылысы басталды, екінші кезеңде қолданыстағы ескітас жолды жаңартуға кіріседі. Жұмыстар трассаның жеті учаскесінде жүргізілетін болады. Жоба 2028 жылға дейін есептелген. 2024 жылы істелетін жұмыстарға республикалық бюджеттен 8 млрд теңге бөлінді. Авторлық қадағалауды Алматы инженерлік орталығы, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС мекемесі жүзеге асырады. Облыс әкімі күре жолдағы жұмыстарды қарап шығып, қайта жаңғырту мерзімін сақтауды, құрылысты сапалы жүргізуді тапсырды.
Началась реконструкция автодороги «Самара-Шымкент» Строительство новой автодороги началось возле сел Акжар и Жазык (Просторное). Строители работают на 791-819 км участке автодороги «Самара-Шымкент». Аким области Асхат Шахаров, отправившийся с рабочей поездкой в Хромтауский район, встретился с представителями «Казавтожола» в Актобе и подрядной организации ТОО «Сине Мидас Строй» и ознакомился с ходом работ. За исключением зимнего периода, в течение 34 месяцев будет отремонтировано 28 км дорог международного значения. ТОО «Сине Мидас Строй» уже приступило к возведению и уплотнению земляного полотна дороги. Подготовлены 6 карьеров: 5 грунтовых и 1 щебеночный. Строительные бригады работают в две смены.
«На участке работают 89 единиц техники и 120 человек. Для ускорения работы будем привлекать дополнительную технику и рабочих. В этом году планируем завершить все земляные работы, а также проложить водопропускные трубы вдоль дороги для стока талых вод. На этом участке будет 2 моста и 2 путепровода. Один из них будет построен возле села Тассай. По проекту предусмотрена прокладка 39 трубопроводов, обустройство 16 пересечений, 1 зоны отдыха, установка 4 автобусных остановок»,- рассказал акиму руководитель Актюбинского областного филиала АО «НК «КазАвтоЖол» Айбол Данагул. Стоит отметить, что реконструкция трассы «Самара-Шымкент» пройдет в два этапа. На первом этапе начато строительство новой автодороги, на втором приступят к обновлению существующей автодороги. Работы будут вестись на семи участках трассы. Проект рассчитан до 2028 года. С республиканского бюджета на 2024 год выделено 8 млрд тенге. Авторский надзор осуществляет Алматинский инженерный центр, а технический надзор – ТОО «КЗ Стройэксперт». Аким области осмотрел ход работ на трассе и поручил провести реконструкцию качественно без отставания от сроков.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi