Балалар ауруханасында триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесі ашылады Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов облыстық перинаталдық орталық пен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барды. Заманауи перзентханада ол босану залдарын, операциялық бөлімшені, жаңа туған нәрестелер орналастырылатын жан сақтау бөлмесін, біркүндік клиниканы аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты, мамандармен сөйлесті. Облыстық перинаталдық орталық 2021 жылы ашылған. Мұнда жыл сайын 8000 босану тіркеледі, оның 25%-ы – хирургиялық жолмен. 8 босану залы, 6 операциялық бөлме, шала туылған нәрестелер мен даму патологиясы бар сәбилерге арналған 12 төсек - барлығы заманауи жабдықтармен жабдықталған. Орталықта мерзімінен бұрын туған нәрестелер соқырлық қаупіне тексеріледі, қажет болған жағдайда ота жасалады. Ол үшін «Аяла» қоры Ақтөбеге бір ретинальды камераны сыйға тартты. Екі ай бұрын ашылған «біркүндік клиникада» құрсақтағы ұрықтың генетикалық ауытқушылықтары диагностикадан өткізеді. Клиника қызметіне тәулігіне 35 жүкті әйел жүгінеді. Бір күнде болашақ аналардың қаны тексеріліп, ультрадыбыстық зерттеу жүргізіліп, анықталған тәуекелдеріне қарай, инвазивті пренатальды диагностика өткізіледі.
«Елімізде «Аңсаған сәби» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба әр отбасының ата-ана атануына, балалы болу туралы арманының орындалуына мүмкіндік береді. Бұл – үлкен бақыт. Бүкіл процесс толығымен тегін. Бедеулік– бүкіл әлемдегі жаһандық проблема. Сондықтан біз сәби сүйе алмай отырған отбасылардың көрсеткішін барынша азайтуға тырысуымыз керек. Балабақшадан бастап өскелең ұрпақпен жұмыс істеу керек. Тамақтану, өмір салты – жастардың денсаулығына әсер ететін маңызды факторлар»,- деді Абзал Әбдікәрімов. Айта кетейік, Ақтөбеде ЭКҰ арқылы 300 бала дүниеге келген. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында биыл өңірге 130 квота бөлінді.
В детской больнице откроется приемный покой по триаж системе Сегодня заместитель акима области Абзал Абдикаримов посетил Областной перинатальный центр и Многопрофильную областную детскую больницу. В современном родильном доме он осмотрел родильные залы, операционное отделение, реанимацию новорожденных, Клинику одного дня, ознакомился с материально-технической базой центра и пообщался со специалистами. Областной перинатальный центр открылся в 2021 году. Здесь ежегодно принимают 8000 родов, 25% из которых хирургическим путем. 8 родильных палат, 6 операционных комнат, 12 коек для недоношенных и малышей с патологией развития - всё оснащено современным оборудованием. Новорождённым, родившимся раньше срока на месте проводят оценку на риск слепоты и при необходимости оперируют. Для этого фонд «Аяла» передал центру ретинальную камеру. А открывшийся 2 месяца назад Центр охраны плода успешно диагностирует генетические нарушения у плода в утробе матери. Ежедневно Клинику посещают 35 женщин. В течение дня у будущих мам проверяют кровь, проводят УЗИ эксперт класса, при определении рисков - инвазивную пренатальную диагностику.
«В нашей стране реализуется уникальный проект «Аңсаған сәби». Семьи получают возможность обрести долгожданный статус родителей. Это большое счастье, тем более весь процесс проходит совершенно бесплатно. Бесплодие – глобальная проблема всего мира. Поэтому мы должны постараться максимально снизить процент бездетных семей. Нужно работать с подрастающим поколением уже с детского сада. Питание, образ жизни – немаловажный фактор фертильности молодежи»,- сказал Абзал Алиевич. Отметим, что посредством ЭКО в Актобе родилось 300 детей. В рамках программы «Аңсаған сәби» в этом году региону выделено 130 квот.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi