Соңғы уақытта облыс аумағында қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары жиіледі. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында Ақтөбе облысының полиция департаменті “Тасымалдаушы”жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Іс-шара шеңберінде автобус парктерінің басшылығымен және жүргізушілерімен кездесулер ұйымдастырылды, олардың барысында жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді және жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, жол қозғалысын қадағалау барысында полицейлер көлік құралдарын пайдалануды бұзудың бірнеше фактілерін анықтады. Жедел-алдын алу іс-шарасының бірінші күнінің өзінде 65 құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде көлікті басқару құқығының болмағаны үшін 4 автобус жүргізушісі жауапқа тартылды.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жолдарда қырағы болуды сұрайды.
В последнее время участились факты дорожно-транспортных происшествий с участием общественного транспорта в целом по стране и по территории области. В целях стабилизации обстановки, Департаментом полиции Актюбинской области проводится оперативно-профилактическое мероприятие “Перевозчик”. В рамках ОПМ организованы встречи с руководством и водителями автобусных парков в ходе которых, проведены профилактические беседы с водителями и обсуждены насущные вопросы по обеспечению дорожного движения. Кроме этого, в ходе надзора за дорожным движением были выявлены факты нарушения эксплуатации транспортных средств. Только за первый день ОПМ в отношении виновных лиц возбуждено 65 административных дел, в том числе за отсутствие права на управление автобусами 4.
Вместе с тем, Департамент полиции убедительно просит водителей транспортных средств, соблюдать правила дорожного движения и быть бдительными на дорогах.