В 2024 году запланирован ремонт и реконструкция 12 тысяч км дорог

Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды  ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында автожол саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік министрі Марат Қарабаев аталған салада қолға алынған жобалар туралы баяндама жасады.  Бүгінгі күні жалпы автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырымды құрайды, оның 25 мың шақырымы республикалық, ал қалған 70 мың шақырымы жергілікті жолдарға жатады.  Қазіргі таңда республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 92%, ал жергілікті желінің көрсеткіші 87%-ды құрап отыр.

«Биыл жол жөндеу және құрылыс жұмыстары 12 мың шақырымды қамтиды. Бұл – бұрын соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Жөнделетін жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мың шақырымы – жергілікті желіге тиесілі», — деді көлік министрі Марат Қарабаев.

Жылдың соңына дейін 7 мың шақырымда құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталады.  Жоспарға сәйкес 1 955 шақырымды құрайтын 4 автожол жобасында реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде, олардың 1 866 шақырымында жаңа асфальт қабатымен жол қозғалысы ашылды. Жобаларды іске асыруға 35 асфальтбетон зауыты, 1 656 бірлік техника және 3,3 мың жұмысшы жұмылдырылған: • Ұзындығы 879 шақырым болатын «Қарағанды – Алматы» жолының 400 шақырымында асфальт төсеу толықтай аяқталды, қалған учаскелерінде жұмыстар жалғасуда. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі; • жалпы ұзындығы 768 шақырымды құрайтын «Талдықорған – Өскемен» автожолының 751 шақырымында асфальттың төменгі қабаты, ал үстіңгі қабаттың 391 шақырымы төселген; • шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі. Жоба бойынша жұмыстардың қалған көлемі Абай облысы Аягөз қаласының айналмалы жолында жүргізілуде; • сондай-ақ ұзындығы 368 шақырым болатын «Атырау – Астрахань» және «Ақтөбе – Қандыағаш» жобалары іске асырылуда. Бүгінгі күні 60 шақырымы пайдалануға берілді, 102 шақырымында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды, 206 шақырымында асфальттың төменгі қабаты төселуде. Жалпы осы жылдың соңына дейін бұл нысандар толығымен іске қосылатын болады.

В 2024 году запланирован ремонт и реконструкция 12 тысяч км дорог  На заседании Правительства РК под председательством Премьер-Министра Олжаса Бектенова рассмотрен вопрос развития автодорожной отрасли. О реализации проектов в отрасли доложил министр транспорта Марат Карабаев.  На сегодняшний день общая протяженность автодорог составляет 95 тыс. км, из которых 25 тыс. – республиканская сеть, оставшиеся 70 тыс. км - дороги местной сети.  В настоящее время нормативное состояние республиканских дорог составляет 92%, а показатель местной сети - 87%.

«В этом году работы по ремонту и строительству дорог охватят 12 тыс. км. Это рекордный показатель, который ранее не достигался. Из этих дорог 8 тыс. км относятся к республиканским, а 4 тыс. км - к местным дорогам», — сообщил министр.

 До конца года работы по строительству и ремонту будут завершены на 7 тыс. км.  Согласно плану, ведутся работы по реконструкции на 4 автодорожных проектах общей протяженностью 1955 км, из которых на 1866 км уже открыт проезд с новым асфальтовым покрытием. Для реализации проектов задействовано 35 асфальтобетонных заводов, 1656 единиц техники и 3,3 тыс. рабочих. • дорога «Караганда – Алматы» длиной 879 км, из которых на 400 км асфальтирование полностью завершено, на остальных участках работы продолжаются. На данном проекте задействовано более 1 тыс. единиц дорожной техники и около 2 тыс. рабочих. В июле этот участок длиной 83 км будет сдан досрочно; • автодорога «Талдыкорган – Усть-Каменогорск» длиной 768 км. Нижний слой асфальта уложен на 751 км, а верхний слой - на 391 км. На проекте задействовано более 700 единиц дорожной техники и более 1 тыс. работников; • в июле в области Жетісу будет сдано 2 участка общей протяженностью 91 км. Остальные работы по проекту будут завершены в области Абай на объездной дороге города Аягоз; • на западе страны реализуются проекты «Атырау – Астрахань» и «Актобе – Кандыагаш» общей протяженностью 368 км. 60 км сданы, асфальтирование полностью завершено на 102 км, на 206 км уложен нижний слой асфальта. Данные объекты будут полностью введены в эксплуатацию до конца текущего года.

Источник.https://t.me/KZgovernment

Просмотров: 199
Категория: 
�����