Более 1000 детей, пострадавших от паводка, отдохнули в образовательно-оздоровительных центрах  

Су тасқынынан зардап шеккен 1000-нан аса бала оқу-сауықтыру орталығында демалды    Ақтөбелік балалар мен жасөспірімдер еліміздің әр облысында орналасқан оқу-сауықтыру орталықтарында тегін демалды.   Ақтөбе өңірінде көктемгі су тасқынына байланысты 6 аудан мен облыс орталығында төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақтардың балаларын жан-жақты қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды.    343 бала Алматы, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында орналасқан сауықтыру орталықтарында демалды.    Дәлірек айтқанда, Алматы облысындағы «Тау Тұран» сауықтыру орталығында 100 оқушы, Жамбыл облысындағы «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында 50 оқушы, Ақмола облысындағы «Балдәурен-Щучинск» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 75 оқушы, Түркістан облысында орналасқан «Балдәурен-Түркістан» оқу-сауықтыру орталығында 28 оқушы, Алматы облысындағы «Балдәурен-Қонаев» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 48 оқушы, Қарағанды облысындағы «Балдәурен-Балқаш» оқу-сауықтыру орталығында 42 оқушы орналасып, сауықтырылды.    Сонымен қатар, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында Қобда және Ойыл аудандарының 8 оқушысы демалды.   Тағы бір айтып өтерлік жайт, су тасқыны салдарынан зардап шеккен ауыл балаларына «Талант тур» жобасы жүзеге асырылды. Жоба 2 ауысымға жоспарланып, Әйтеке би, Ойыл, Ырғыз,Темір, Қобда және Мұғалжар аудандарынан 500 баланың демалысы ұйымдастырылды.     Ал, «Жаздық жолдама» жобасы аясында 36 бала қамтылады.    «Самұрық-Қазына» АҚ демеушілігімен төтенше жағдайға ұшыраған отбасы балаларына арналған «Туған елге саяхат» экскурсиясымен  24 бала қамтылады.

Более 1000 детей, пострадавших от паводка, отдохнули в образовательно-оздоровительных центрах    Актюбинские школьники из семей, пострадавших от паводка, бесплатно отдохнули в образовательно-оздоровительных центрах страны.   Режим чрезвычайной ситуации из-за паводка был объявлен в 6 районах и областном центре. Для детей, проживающих там, была организована комплексная поддержка.    343 ребенка отдохнули в оздоровительных центрах в Алматинской, Акмолинской, Туркестанской, Жамбылской, Карагандинской областях.    В частности, в образовательно-оздоровительный центр «Тау Туран» в Алматинской области направили 100 школьников, в центр «Молдир Булак» в Жамбылской области – 50 учащихся, в республиканский учебно-оздоровительный центр «Балдаурен-Щучинск» в Акмолинской области получили путевки 75 детей, в центре «Балдаурен-Туркестан» в Туркестанской области отдохнули 28 детей, в республиканском учебно-оздоровительном центре «Балдаурен-Конаев» в Алматинской области – 48 и в центре «Балдаурен-Балхаш» в Карагандинской области – 42 ребенка.    Кроме того, в национальном научно-практическом, образовательно-оздоровительном центре «Бобек» отдохнули 8 детей из Кобдинского и Уилского районов.   Также стоит отметить, что был запущен проект «Талант тур» для сельских детей, пострадавших от паводка. Проект был запланирован на 2 смены, и охватил 500 детей из Айтекебийского, Уилского, Иргизского, Темирского, Кобдинского и Мугалжарского районов.   Кроме того, 36 детей будут охвачены проектом «Летнее направление».    Еще 24 ребенка из пострадавших семей будут включены в экскурсионный тур «Туған елге саяхат», организованный при поддержке АО «Самрук-Казына».

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 172
Категория: 
�����