Ақтөбе облысының полицейлері жол ережесін бірнеше рет бұзған жүргізушіні ұстады
«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасының аясында «Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында Алға ауданының Бестамақ ауылының маңындағы Ақтөбе-Астрахань» тас жолы бойында полиция қызметкерлері көлік құралын масаң күйде басқарған «Ваз-2121»маркалы автокөліктің жүргізушісін ұстады, ол өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Сонымен қатар, медициналық куәландырудан өткізу барысында жүргізушінің орташа дәрежелі алкогольдік масаң күйде екені анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында жүргізушінің масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Автокөлік Алға полиция бөлімінің айыппұл тұрағына қойылды.
Полицейские Актюбинской области задержали водителя, который неоднократно нарушал ПДД
В рамках ОПМ «Безопасная дорога» на автодороге «Актобе-Астрахань», в п. Бестамак Алгинского района сотрудники полиции задержали водителя автомашины марки «Ваз-2121»за рулем транспортного средства в состоянии алкогольного опьянения, который, пожизненно был лишен прав управления транспортного средства. При проведении медицинского освидетельствования было установлено, что водитель находится в алкогольном опьянении средней степени.
В ходе досудебного расследования установлено, что водитель неоднократно привлекался к уголовной ответственности за управление транспортным средством в состоянии опьянения и был пожизненно лишен права управления транспортного средства.
В настоящее время по данному факту зарегистрировано уголовное дело, проводятся следственные мероприятия. Водитель доставлен в ИВС районного отдела полиции. Автомашина водворена на штрафстоянку Алгинского отдела полиции.