Ақтөбе және Қостанай облыстарында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу алаңдары ұлғайтылады Бүгінгі таңда химиялық өңдеу жоспарланған 2,5 млн га аумақтың 2,3 млн гектарында қорғау іс-шаралары аяқталды. Ақтөбе облысында болжанған көлемнің 81%-ы, ал Қостанай облысында 87%-ы өңделді. Алайда, бұл өңірлердегі жағдай әлі де күрделі. Бұл туралы Шегіртке зиянкестеріне қарсы қорғау іс-шараларын жүргізу және карантиндік объектілер мәселелері жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов мәлімдеді.
«Ұзаққа созылған жауын-шашын мен қатты жел химиялық өңдеуді уақытылы әрі оңтайлы мерзімде жүргізуге мүмкіндік бермеді. Сондықтан өңдеу алаңын ұлғайту ықтималдығы бар. Жергілікті жерлерде қосымша техниканы жұмылдыруды жоспарлап отырмыз. Препараттар жеткілікті көлемде бар»,— деді Дархан Әбдікәрімов. Ақтөбе және Қостанай облыстарына Ресей Федерациясының аумағынан зиянкестердің ұшып келу қаупі бар шекара маңындағы аумақтардағы жағдай тұрақты бақылауға алынған. Абай, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары жалғасуда. Жиын соңында вице-премьер Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы мониторингтік зерттеулер қарқынын бәсеңдетпеуді, өңірлерді қосымша техникамен нығайтуды тапсырды.
В Актюбинской и Костанайской областях увеличат площадь химической обработки против саранчовых На сегодняшний день из запланированных к химической обработке 2,5 млн га территорий защитные мероприятия завершены на 2,3 млн га. В Актюбинской и Костанайской областях от прогнозируемого объема обработано 81% и 87% территорий, соответственно. Однако, ситуация в данных регионах остается сложной. Об этом на очередном заседании Оперативного штаба по вопросам проведения защитных мероприятий против саранчовых вредителей и карантинных объектов заявил председатель Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе МСХ РК Дархан Абдикаримов.
«Затянувшиеся проливные дожди и сильные ветра не позволили своевременно и в оптимальные сроки провести химические обработки. Поэтому есть вероятность увеличения площади обработок. Планируем мобилизовать на местах дополнительную технику. Необходимый объем препаратов имеется»,
— доложил Дархан Абдикаримов. На постоянном контроле ситуация на приграничных территориях, где сохраняется угроза залета вредителей из Российской Федерации в Актюбинскую и Костанайскую области. Продолжаются химические обработки в областях Абай, Жетісу Акмолинской, Алматинской, Атырауской, Жамбылской, Западно-Казахстанской и Карагандинской областях. По итогам заседания вице-премьер поручил не снижать темпы мониторинговых обследований в Костанайской и Актюбинской областях, усилить регионы дополнительной техникой.
Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi