В Ситуационный центр от жителей региона поступило 33 жалобы на плохое состояние дорог

Ахуалдық орталыққа жолдардың жағдайының нашарлығына байланысты облыс тұрғындарынан 33 шағым түскен. Оның ішінде отызы - Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласынан тіркелген. Ал қала тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелер көшелердегі жарықтың болмауына қатысты. Аталған санат бойынша аптасына 102 өтініш тіркелген.  Өңір басшысы Асхат Шахаров 109 байланыс орталығына келіп түскен азаматтардың өтініштерін саралап, қала әкімі Азамат Бекетке, Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетовке, тиісті мемлекеттік орган басшыларына олардың әрқайсысын шешуді тапсырды. Кепілдік мерзімі өтпеген шұрық-тесік жолдарды мердігер мекемелер өз есебінен қайта жөндеуі қажет. Магистральдық жолдарды жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс. 

В Ситуационный центр от жителей региона поступило 33 жалобы на плохое состояние дорог. 30 из них зарегистрированы из города Кандыагаш Мугалжарского района. А самые острые проблемы горожан связаны с отсутствием уличного освещения. В этой категории за неделю зарегистрировано 102 обращения.  Глава региона Асхат Шахаров ознакомился с обращениями граждан, обратившихся в контакт-центр 109, и поручил акиму города Азамату Бекету, акиму Мугалжарского района Дархану Ермаганбетову, руководителям профильных государственных органов решить каждый вопрос. Дороги с выбоинами, не прошедшие гарантийный срок, должны ремонтироваться подрядчиками за свой счет. Ремонт автомобильных дорог должен завершиться к 1 сентября.

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 172
Категория: 
�����