Қытайлық компания облыстың құрылыс саласын дамытуға ынталы Облыс әкімі Асхат Шахаров жол, теміржол, аэропорт салу жағынан тәжірибесі бар China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесті. Компания 2015 жылы құрылған. Кездесу барысында өңірдегі жол инфрақұрылымын жақсарту, жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Қытайлық құрылыс компаниясының президенті Чжоу Хайвэй өздерінің тәжірибелері мен мүмкіндіктері туралы баяндап, аймақтың жол саласын дамытуға қызығушылық танытты. Өңір басшысы бұл серіктестік Ақтөбе облысының экономикалық дамуына және жолдардың сапасын арттыруға оң әсерін тигізетініне сенім білдірді.
«Президент инвестиция тарту бойынша үлкен міндеттер қойды. Инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету, жағдай жасауға барлық мүмкіндік бар. Сондай-ақ, біз үшін автомобиль жолдарының сапасы - өткір әрі өзекті мәселе. Осы бағытта ынтымақтастықты орнату жоспарда бар. Біз сіздермен басқа да жобалар бойынша тығыз жұмыс істеуге әзірміз»,- деді әкім Чжоу Хайвэйге. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасауға келісті.
Китайская компания готова развивать строительную отрасль региона Аким области Асхат Шахаров провел встречу с представителями компании China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd, которая имеет опыт в строительстве автомобильных и железных дорог, аэропортов. Компания была основана в 2015 году. В ходе встречи обсуждались вопросы улучшения дорожной инфраструктуры региона, внедрения новых технологий и реализации инвестиционных проектов. Президент китайской строительной компании Чжоу Хайвэй высказал заинтересованность в развитии дорожной отрасли региона, рассказав о своем опыте и возможностях компании. Глава региона выразил уверенность, что будущее партнерство окажет положительное влияние на экономическое развитие Актюбинской области и скажется на улучшении качества дорог.
«Президент поставил большие задачи по привлечению инвестиций. У нас есть все возможности оказать всестороннюю поддержку инвесторам, создать для них условия. Также для нас острой и актуальной проблемой является вопрос качества автомобильных дорог. Хотим наладить с вами сотрудничество в этом направлении. Мы готовы тесно сотрудничать и по другим проектам»,- сказал аким Чжоу Хайвэю. Стороны договорились предпринять конкретные шаги для реализации совместных проектов в будущем.
Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi