Арсений Минин подал документы на платное отделение в Актюбинский  кампус Heriot-Watt University

“Heriot-Watt-та” оқығым келетінін түсіндім   Шетелдік талапкер британдық университеттің Ақтөбедегі кампусына оқуға түсті.  Арсений Минин Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына ақылы бөлімге құжаттарын тапсырды. Болашақ студент Ресей азаматы болғанымен Қазақстанда жоғары білім алуды ұйғарған.

- Шотландиялық оқу орнының Ақтөбедегі кампусы туралы әкемнен білдім. Ол интернет желісінен Жұбанов университеті базасында Heriot-Watt University филиалы ашылғаны туралы мақала оқыған. Осы уақытқа дейін басқа жоғары оқу орнына тапсырамын деп жоспарлаған едім, десе де дәл осы университетте оқығым келетінін түсіндім. Heriot-Watt – менің келешегіме, Қазақстандағы және шетелдегі болашақ мансабыма жол ашатынына сенімім мол. Әсіресе, оқу бітірген соң қазақстандық және британдық үлгідегі қос диплом берілетіні ұнады. Бұл әлемнің кез келген жерінде сұранысқа ие болуға мүмкіндік береді,- дейді Арсений.  Арсений Минин ақпан айында Heriot-Watt университетінің тестілеу емтиханына қатысқан.

- Мұндағы оқыту жүйесінің ағылшын тілінде өтетіндігінен қорықпаймын. Өйткені бала күнімнен ағылшын тілі курстарына қатысып келемін. Ағылшын тілін еркін сөйлеу үшін тәжірибемде жиі қолданамын. Әртүрлі елдердің азаматтарымен, олардың диалектілерімен сөйлесуге тырысамын. Ал техникалық білімге келер болсам, мектепте математикаға бейім сыныпта оқыдым. Сондай-ақ әрдайым бағдарламалауға және жалпы IT саласына қатысты барлық нәрселерге қызығушылығым бар,- дейді талапкер.  Heriot-Watt-тың болашақ студенті “Компьютерлік инженерия” мамандығын таңдады.

- Бұл мамандық өзектілігін жоймайды деп ойлаймын. Күн сайын бұл саладағы мамандарға сұраныс артып келеді. Бәсекелестік күн сайын артуда, бастысы үнемі ізденісте болып, жаңа білім алу керек. Алдағы уақытта өзімді жасанды интеллект саласында көремін. Бағдарламалық жасақтаманы әзірлеумен қатар ойын индустриясына да қызығушылығым бар,- дейді Арсений Минин.    Ол биыл Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусының ақылы бөліміне құжат тапсырған алғашқы студент емес.    Айта кетейік, 20 маусымда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде қабылдау комиссиясының жұмысы басталды. Жұбанов университеті базасында орналасқан шотландиялық Heriot-Watt университетінің кампусы бакалавриаттың үш білім беру бағдарламасына 6В06107 «Компьютерлік инженерия», 6В07108 «Электроэнергетика» және 6В07209 «Мұнай инженериясы және энергоменеджмент» мамандықтары бойынша оқуға түсуге өтініштер қабылдайды.   ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Heriot-Watt кампусының қабылдау комиссиясы Ақтөбеден басқа Астана, Алматы, Орал, Атырау, Ақтау, Қызылорда сияқты қалаларда жұмыс істейді. Сондай-ақ, Жұбанов университеті базасындағы Heriot-Watt университетінің Ақтөбедегі кампусына оқуға түсуге ниетті талапкерлер үшін 24 шілдеге дейін әр жұма сайын ағылшын тілінен тестілеу емтиханы өткізілетінін естеріңізге саламыз.

«Я понял, что хочу учиться именно в Heriot-Watt»   Абитуриент-иностранец поступает в Актюбинский кампус британского вуза.    Арсений Минин подал документы на платное отделение в Актюбинский  кампус Heriot-Watt University. Будущий студент является гражданином России, но решил получать высшее образование в Казахстане.

- Об Актюбинском кампусе шотландского вуза я узнал от отца. В интернете он прочитал статью о том, что на базе университета Жубанова открывается Heriot-Watt University,- рассказывает Арсений. 

– И я понял, что хочу учиться именно в этом вузе, хотя до этого момента планировал поступать в другое высшее учебное заведение. Heriot-Watt –прекрасный шотландский университет, который открывает большое количество дверей в моё будущее, в мою будущую карьеру, как в Казахстане, так и за рубежом. Особенно мне понравилось, что по окончании учёбы я получу двойной диплом: казахстанского и британского образца. Это позволит быть востребованным  в любой точке земного шара.

  В феврале Арсений Минин прошел тестовый экзамен, который проводит Heriot-Watt.

- Меня не пугает, что обучение будет полностью на английском языке, потому что  английский я учу с детства, прошёл много различных курсов, - говорит абитуриент. -Есть большой опыт разговорного английского, так как стараюсь общаться с людьми из разных стран, с разными диалектами. В плане технических знаний я учился в классе с математическим уклоном, и мне всегда было интереснопрограммирование и вообще все, что связано со сферой IT. 

  Будущий студент Heriot-Watt выбрал специальность «Компьютерная инженерия».- Я считаю, что эта специальность не потеряет своей актуальности, - уверен Арсений Минин. - Скорее наоборот, растёт востребованность специалистов в этой сфере. Главное, постоянно учиться, получать новые знания, чтобы  держаться на плаву, потому что будет всё больше и большеконкуренции. В дальнейшем вижу свою профессиональную деятельность в работе с искусственным интеллектом, также интересна разработка программного обеспечения и, как еще один вариант, игровая индустрия. 

  К слову, Арсений Минин – уже не первый студент, который в этом году подал документы на платное отделение в Актюбинский кампус Heriot-Watt.  Отметим, что с 20 июня в Актюбинском региональном университете имени К. Жубанова стартовала работа приемной комиссии. Актюбинский кампус шотландского вуза Heriot-Watt University на базе университета Жубанова принимает документы на поступление по трём образовательным программам бакалавриата: 6В06107«Компьютерная инженерия», 6В07108 «Электроэнергетика» и 6В07209 «Нефтяная инженерия и энергоменеджмент». При поддержке Министерства науки и высшего образования РК приёмная комиссия Heriot-Watt, помимо Актобе, ведёт свою работу в таких городах, как Астана, Алматы, Уральск, Атырау, Актау, Кызылорда.    Также напоминаем, что каждую пятницу, до 24 июля, на базе университета Жубанова проводится тестовый экзамен по английскому языку для желающих поступить в Актюбинский кампус британского вуза Heriot-Watt.   

Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 165
Категория: 
�����