Хромтау ауданының ауылында көптен күткен медициналық пункт халық игілігіне берілді «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Хромтау ауданы Тасөткел ауылында медициналық пункт ашылды. Жаңа нысан тәулігіне 30 адам қабылдауға қауқарлы. Мұнда ауыл тұрғындары профилактикалық скрининг, иммундаудан өтіп, анализдер тапсыруға, сондай-ақ күндізгі стационарда дәрігерге қаралуға болады. Созылмалы аурулары бар науқастарға тегін дәрі-дәрмек беру пункті бар. Қазіргі заманғы медициналық пункт препараттарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен жабдықталған, анализ түтікшелерін тасымалдауға, жедел жәрдем көрсетуге арналған арнайы бокстармен қамтылған. Айта кетейік, бұған дейін медпункт ауылдық әкімдік ғимаратында орналасқан еді және ауыл тұрғындары бұл типтік ғимаратты 30 жылға жуық күтті. Хромтау ауданы Тасөткел ауылында 420 адам тұрады. Гипертония, қант диабетімен ауыратын науқастар, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Тағы бір айта кететін жайт, жобаның жалпы сомасы 80 млн теңге. Медициналық пункттің құрылысынан басқа, мердігер ғимараттың аумағын абаттандырып, қоршаулар орнатты. 2024 жылы Ақтөбе облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 21 медициналық нысан пайдалануға беріледі.
В селе Хромтауского района открылся долгожданный медицинский пункт В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в селе Тасөткел Хромтауского района открылся медицинский пункт. Новый объект расчитан на 30 посещений в сутки. Здесь сельчане будут проходить профилактический скрининг, иммунизацию, сдавать анализы, а также получать назначения врача в дневном стационаре. Есть пункт выдачи бесплатных лекарств для пациентов с хроническими заболеваниями. Современный медицинский пункт оборудован холодильниками для хранения препаратов, имеются специальные боксы для транспортировки пробирок с анализами, укладки для оказания скорой помощи. Отметим, что ранее медпункт располагался в здании сельского акимата и типовое здание сельчане ждали почти 30 лет. В селе Тасөткел Хромтауского района проживает 420 человек. Есть пациенты с гипертонией, диабетом, инвалиды детства. К слову, общая сумма проекта составила 80 млн тенге. Помимо строительства самого медицинского пункта, подрядчиком благоустроена территория здания, установлено ограждение. В 2024 году в Актюбинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» будет сдан 21 медицинский объект.
Источник.https://t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi