Олжас Бектенов Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен ауылдарында үй құрылысы мен инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмысының қарқынын тексерді Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында су тасқынынан зардап шеккен Темір және Ойыл аудандарының тұрғындары үшін салынып жатқан жаңа үйлер құрылысының қарқынымен танысты. Осы жылдың 17 шілдесінде өткен Су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері жөніндегі кеңесте әкімдік пен тиісті министрлікке берілген жұмыстарды жеделдету, күштер мен арнайы техниканы жұмылдыру бойынша тапсырмалардың орындалуы тексерілді. Олжас Бектенов Ойыл ауданы Қаратал ауылында салынып жатқан үйлерді аралап көрді, бұған дейін олардың жоспардан 15-25 күнге кешігуі туралы мәселе көтерілген болатын. Елді мекенде су тасқыны салдарынан 210 ғимарат зақымданды, оларды тексеру жұмыстары толығымен аяқталды. Ауыл тұрғындары үшін қайталама нарықтан 60 үй сатып алынды. Жөндеуге жататын 18 нысан бойынша тиісті төлемдер жүргізілді. Ауылда тұруға жарамсыз деп танылған үйлердің орнына 132 тұрғын үй салынып жатыр. Премьер-Министр мердігер компаниялардың арнайы техникамен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу жағдайымен танысты. Қазіргі таңда 132 үйдің барлығының іргетасы құйылып, 120 үйде қабырға қалау жұмыстары аяқталды, 65 үйдің шатыры жабылды, ал 30 үйдің ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олжас Бектенов құрылыс алаңдарына қосымша күш пен арнайы техника тартуды тапсырды. Премьер-Министр Темір ауданы Құмсай ауылындағы құрылыс барысын тексерді. Су тасқыны салдарынан мұнда 46 тұрғын үй зақымданды. Ауыл тұрғындары арнайы сатып алынған 18 үйге қоныстанды, 7 үй жөндеуден өтті. 21 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, қазіргі уақытта қабырға қалау жұмыстары толығымен аяқталды. 19 жаңа ғимараттың төбесі жабылса, оның 6-ында ішкі құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Премьер-Министрге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев тұрғын үйді, инфрақұрылымды қалпына келтіруге және өтемақы төлеуге қатысты өңірдегі қазіргі жағдай туралы баяндады.
«Инфрақұрылым мен тұрғын үйлер су тасқынынан қатты зардап шекті. Президент жолдар мен әлеуметтік нысандарды реконструкциялауды, үйлерді қалпына келтіруді және жаңадан салуды тапсырды. Барлық тапсырмалар қысқа мерзімде орындалуы тиіс. Бұл үшін әкімдіктерге Үкімет пен салалық министрліктерден толық қолдау көрсетіледі», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет басшысы облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне жеке тоқталды. Мәселен, 206 құрылымның 15-і қираған. Су тасқынының салдарын жою үшін қазіргі уақытта қажетті жұмыстар жүргізілуде. Гидроқұрылыстар бойынша барлық процестерді жеделдету, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қауіптің алдын алу туралы тапсырмалар берілді. Сонымен қатар өңірде 58 көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұзылған жолдарды жөндеу және реконструкциялау үшін ҚР Үкіметінің резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Барлығы 100 су өткізгіш құбырды, 23 көпірді, 47,2 км жолды салу және жөндеу жоспарда бар.
Олжас Бектенов проверил темпы строительства домов и восстановления инфраструктуры в пострадавших от паводков селах Актюбинской области Глава Правительства Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в Актюбинскую область ознакомился с темпами строительства новых домов для пострадавших от паводков жителей Темирского и Уилского районов. Проверено исполнение поручений по ускорению работ, мобилизации сил и спецтехники, данных акимату и профильному министерству 17 июля т.г. на совещании по вопросам восстановления жилья и инфраструктуры после паводков. Олжас Бектенов осмотрел строящиеся дома в селе Каратал Уилского района, по которым ранее поднимались вопросы отставания от графика на 15-25 дней. В результате паводков в населенном пункте пострадало 210 строений, их обследование полностью завершено. На вторичном рынке для сельчан выкуплено 60 домов. По 18 объектам недвижимости, подлежащим ремонту, произведены соответствующие выплаты. В селе ведутся работы по строительству 132 домов взамен признанных непригодными для жилья. Премьер-Министр ознакомился с обеспеченностью подрядных компаний спецтехникой и трудовыми ресурсами. На текущий момент залит фундамент всех 132 домов, в 120 завершены работы по укладке стен, 65 покрыты кровлей, в 30-ти идут внутренние строительно-монтажные работы. Олжас Бектенов поручил привлечь дополнительные силы и спецтехнику на строительные площадки. В Темирском районе Премьер-Министр проверил ход строительства домов в селе Кумсай. В результате паводков здесь пострадало 46 жилых домов. Сельчан заселили в приобретенные для них 18 домов, отремонтировано 7. Ведется строительство 21 нового дома, на текущий момент полностью завершены работы по укладке стен. 19 будущих новостроек покрыты кровлей, в 6-ти из них ведутся внутренние строительно-монтажные работы. Заместитель акима Актюбинской области Асылбек Есенбаев доложил Премьер-Министру о текущей ситуации в регионе с восстановлением жилья, инфраструктуры и выплатой компенсаций
«Инфраструктура и жилые дома сильно пострадали от паводков. Президент поручил реконструировать дороги и соцобъекты, восстановить и построить новые дома. Все поручения должны быть исполнены в кратчайшие сроки. Для этого акиматам оказывается полная поддержка от Правительства и отраслевых министерств», — подчеркнул Олжас Бектенов.
Глава Правительства отдельно остановился на состоянии гидротехнических сооружений, расположенных на территории области. Так, из 206 сооружений были разрушены 15. Для устранения последствий паводков в настоящее время проводятся необходимые работы. Даны поручения ускорить все процессы по гидросооружениям, а также устранить имеющиеся риски в целях подготовки к паводковому периоду 2025 года. Кроме того, в регионе планируется восстановление 58 объектов транспортной инфраструктуры. Для ремонта и реконструкции поврежденных дорог из резерва Правительства РК выделено 10,2 млрд тенге, из областного резерва – 6,4 млрд тенге. В настоящее время ожидаются результаты экспертизы. Всего в планах – строительство и ремонт 100 водопропускных труб, 23 мостов, 47,2 км дорог.
Источник.https://t.me/KZgovernment