«Халық» қайырымдылық қоры Ақтөбе облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ниетті Бүгін, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров пен «Халық» қорының директоры Сағынбек Шункеев ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Облыс әкімі бұл ынтымақтастықтың табысты болатынына сенім білдіріп, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда жоғары нәтижеге жетудің маңызы зор екенін айтты. Құжат аясында халықтың, оның ішінде өңір жастарының өмір сүру сапасын жақсарту, табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды іске асыру көзделіп отыр. Қор тарапынан тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіп ашу мәселелері бойынша кеңес беріп, білім беру қызметтерін көрсететін «JymysTap» жобасы қолдау таппақ. Айтып өтейік, ҚР Премьер-министрі О.Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, «JymysTap» жобасын бастау биылғы жылдың тамыз айының алғашқы онкүндігіне жоспарлануда.
Благотворительный фонд «Халык» намерен реализовать социальные проекты в Актюбинской области Сегодня аким Актюбинской области Асхат Шахаров и директор фонда «Халык» Сагинбек Шункеев подписали меморандум о сотрудничестве. Аким области выразил уверенность, что сотрудничество будет успешным и отметил, что важно добиться высоких результатов в реализации социальных проектов. В рамках соглашения планируется реализовать социальные и благотворительные проекты, направленные на улучшение качества жизни населения, в том числе молодежи региона, и увеличение их дохода. Фонд поддержит проект «JymysTap», в рамках которого жителям будут предоставляться консультативные услуги по вопросам трудоустройства, открытия бизнеса и прохождения обучения. Согласно поручению Премьер-Министра РК Олжаса Бектенова старт проекта «JymysTap» запланирован на первую декаду августа текущего года.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi