#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП
Алаяқтар зейнеткердің 4 млн теңгеге жуық ақшасын иеленген
Зейнеткердің ұялы телефонына “Whatsapp” месенджері арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы оның банк картасында алаяқтық әрекеттер байқалғанын және операцияны болдырмау үшін оған банктің қауіпсіздік қызметі хабарласып, тиісті нұсқаулар беретінін хабарлаған.
Әрі қарай зейнеткердің телефонына “банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері” қоңырау шалып, оның банктік шотындағы ақшасын «қауіпсіз шотқа» аудару туралы нұсқау берген.
Жәбірленуші еш күдіктенбей, қаскүнемдердің барлық нұсқауларын орындап, нәтижесінде депозитіндегі 3 млн 700 мың теңгесінен айырылды.
Полиция департаменті азаматтарға қауіпсіз (резервтік) шоттардың жоқ екенін еске салады. Егер Сіз ақша аударсаңыз, олар алаяқтың шотына түседі.
#ЗАКОИПОРЯДОК
Мошенники выманили у пенсионера около 4 млн тенге
На телефон посредством «Whatsapp» пенсионеру позвонил неизвестный, представился сотрудником правоохранительных органов и сообщил, что на банковской карте замечены мошеннические действия и для предотвращения операции необходимо следовать инструкциям службы безопасности банка, который позвонит после него.
Далее позвонил «сотрудник службы безопасности банка». Он сообщил, чтобы остановить данные действия нужно будет провести все необходимые действия по инстукции и перевести деньги на безопасный счет.
Ничего не подозревая потерпевший выполнил все по инструкции и лишился 3 млн 700 тысяч тенге, находящихся на депозите.
Департамент полиции напоминает, что на самом деле никаких безопасных (резервных) счетов не существует — если перевести деньги, они отправятся на счет мошенника.