Наибольшее количество домов в регионе строится в Уилском районе

 

Облыста ең көп үй - Ойыл ауданында, оның ішінде Қаратал ауылында бой көтеруде. Аудан бойынша 177 үй салынуда, 130 дайын үй сатып алынған. Қаратал наурыз айының соңында су тасқынына ұшыраған. Кенеттен келген қарғын судан 210 үйді басып қалды. Қазір жарамсыз күйге түскен 131 баспананың орнына жаңасы салынып жатыр. Шатырлары жабылып, терезесі мен есігі салынып, үйлердің ішін әрлеу, сылау жұмыстары жүріп жатыр. Ал 61 отбасы дайын үйге көшкен. Сондай-ақ 18 отбасының баспанасы жөндеуге жатқандықтан, өтемақы төленді. Қазір тасқынның салдарын жою ісі қарқынды жүріп жатыр. Көктемгі су тасқыны кезінде тұрғын үйлермен қатар, әлеуметтік нысандар, бөгеттерге де зақым келген болатын. Облыс аумағында орналасқан 206 гидротехникалық құрылымның 15-і қираған. Су тасқынының салдарын жою үшін қазіргі уақытта қажетті жұмыстар жүргізілуде. Гидроқұрылыстар бойынша барлық процестерді жеделдету, сондай-ақ 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында қауіптің алдын алу шаралары қолға алынған. Сонымен қатар өңірде 58 көлік инфрақұрылымын қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұзылған жолдарды жөндеу және реконструкциялау үшін ҚР Үкіметінің резервінен 10,2 млрд теңге, облыстық резервтен 6,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта сараптама нәтижелері күтілуде. Барлығы 100 су өткізгіш құбырды, 23 көпірді, 47,2 км жолды салу және жөндеу жоспарда бар.

Наибольшее количество домов в регионе строится в Уилском районе, в том числе в селе Каратал. Всего возводят 177 новых домов, приобрели 130 готовых. Село Каратал было затоплено в конце марта. 210 домов оказались в воде. Вместо 131 аварийного дома строят новое жилье. В новых домах установили окна, двери, крыши, сейчас ведутся отделочные и штукатурные работы. 61 семья уже переехала в готовые дома. Стоит отметить, что 18 семьям были выплачены компенсации на ремонт их домов. Работы по ликвидации последствий паводка продолжаются. Стихия нанесла повреждения и соцобъектам. Также были разрушены дамбы. Из 206 гидротехнических сооружений в регионе прорвало 15. В настоящее время на них проводятся необходимые ремонтные  работы. В рамках подготовки к паводку 2025 года запланированы мероприятия. Кроме того, в регионе планируется восстановить 58 объектов транспортной инфраструктуры. На ремонт и реконструкцию поврежденных дорог выделено 10,2 млрд тенге из резерва Правительства РК и 6,4 млрд тенге из областного резерва. В настоящее время ожидаются результаты экспертизы. Планируется построить и отремонтировать 100 водопроводов, 23 моста и 47,2 км дорог.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 172
Категория: 
�����