Өңір басшысы Асхат Шахаров ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті ҚХР елшісі бастаған Қытайдан келген делегация Ақтөбеге ҚХР Бас консулдығының ашылуына келген. Ресми кездесу барысында облыс әкімі Асхат Шахаров Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен бірге екі ел арасындағы тату көршілік қатынастар мен экономика, сауда және мәдени байланыстар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келе жатқанына назар аударды. Ақтөбе облысында Қытай кәсіпкерлерінің қатысуымен 70-тен астам бірлескен кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Ақтөбе облысының бұл елмен сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында 472,7 млн АҚШ долларына жетіп, былтырғы жылдың көрсеткіштерінен (402,2 млн доллар) асып түсті. Экспорт 401,6 миллион АҚШ долларына дейін (өткен жылы 325,8 миллион доллармен салыстырғанда) өсті. Кездесуде бірлескен ынтымақтастық мәселелерін талқылай отырып, Асхат Шахаров Қытайдың инвестициялық қауымдастығын бірлескен жобаларға қатысуын кеңейтуге шақырды.
«Біз өз тарапымыздан жобаларды сүйемелдеуде жан-жақты көмек пен қолдауға кепілдік береміз. Бүгінгі кездесу біздің өзара мүдделерімізді жақындастыруға және кеңейтуге бағытталған маңызды қадам екеніне сенімдімін»,- деді өңір басшысы ҚХР Елшісіне. ҚХР Елшісі Чжан Сяо облыс әкіміне қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды іске асыру олар үшін басым міндет болатынына сендірді.
Глава региона Асхат Шахаров встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом КНР в Казахстане Чжан Сяо Делегация из Китая во главе с Послом КНР прибыла в Актобе на открытие Генерального консульства КНР. В ходе официальной встречи аким области Асхат Шахаров обсудил с Чрезвычайным и Полномочным Послом Китайской Народной Республики в Республике Казахстан Чжан Сяо добрососедские отношения между двумя странами и вопросы сотрудничества в сферах экономики, торговли и культурных связей. Глава региона акцентировал внимание на том, что торгово-экономическое сотрудничество между Китаем и Казахстаном продолжает стабильно развиваться. В Актюбинской области успешно работают более 70 совместных предприятий с участием Китая. Внешнеторговый оборот Актюбинской области с Китаем за январь-май 2024 года достиг впечатляющих 472,7 млн долларов США, превзойдя показатели прошлого года (402,2 млн долларов). Экспорт вырос до 401,6 млн долларов США (по сравнению с 325,8 млн долларов в прошлом году). Обсуждая на встрече вопросы совместного сотрудничества Асхат Шахаров призвал инвестиционное сообщество Китая расширить свое участие в совместных проектах.
«Мы, со своей стороны, гарантируем всестороннее содействие и поддержку в сопровождении проектов. Убежден, что сегодняшняя встреча является важным шагом к сближению и расширению наших взаимных интересов»,- сказал аким Послу КНР. Посол КНР Чжан Сяо заверил акима области что реализация всех достигнутых договоренностей станет для них приоритетной задачей.
Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi