Казахстанско-китайские взаимоотношения всегда отражали дружеские намерени

Ақтөбеде Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ашылды   Бас консулдық Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарын қамтиды.   Өңір басшысы Асхат Шахаров жаңа дипломатиялық өкілдіктің ресми ашылу рәсіміне қатысты. Ол құттықтау сөзінде Бас консулдық Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін беретінін тілге тиек етті.    

«Қазақстан мен Қытай әрдайым шынайы достық қарым-қатынаста. Мемлекет басшысы екі елдің арасындағы байланыс достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестік рухында белсенді дамып келе жатқанын бірнеше рет атап өткен еді. Ақтөбеде Бас консулдықты ашу туралы қабылданған шешім үшін Қытай тарапына алғысымды білдіремін, бұл біздің өңірлер арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге, туризм және ғылыми-мәдени тәжірибе алмасуды дамытуға ықпал ететін болады. Бұл оқиға – өзара мүдделерді жақындастыру және кеңейту жолындағы маңызды қадам»,- деп атап өтті әкім.  Құттықтау сөзінің соңында Асхат Шахаров Қытайдың Бас консулдығы мемлекет аралық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдіріп, қызметкерлеріне сәттілік тіледі.  Өз кезегінде ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо облыс басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

«Қытайдың жаңа Бас консулдығы екі мемлекет басшыларының уағдаластықтарын толыққанды іске асыру үшін бар күшін салады және Қытай-Қазақстан қатынастарының «алтын 30 жылдығына» өз үлесін қосады деп шын жүректен үміттенемін. Жергілікті билік органдары Бас консулдыққа өз міндеттерін орындау барысында барлық қажетті қолдау көрсететініне сенім білдіремін»,- деді Чжан Сяо.

В Актобе открылось Генеральное консульство Китайской Народной Республики   Генконсульство будет охватывать Актюбинскую, Атыраускую, Мангистаускую, Западно-Казахстанскую и Кызылординскую области.   Глава региона Асхат Шахаров побывал на официальной церемонии открытия нового дипломатического представительства. В своем приветственном слове он отметил, что Генеральное консульство придаст дополнительный импульс развитию дружественных отношений между Казахстаном и Китаем.  

«Казахстанско-китайские взаимоотношения всегда отражали дружеские намерения. Глава государства неоднократно подчеркивал, что наши отношения активно развиваются в духе дружбы, добрососедства и стратегического партнерства. Хочу поблагодарить китайскую сторону за принятое решение об открытии Генерального консульства в Актобе, что будет способствовать расширению экономического сотрудничества, инвестиций, развитию туризма и научно-культурного обмена между нашими регионами. Это событие является существенным шагом на пути сближения и расширения взаимных интересов», - сказал аким на официальном открытии.  В завершении своей приветственной речи Асхат Шахаров выразил уверенность, что Генконсульство Китая откроет новые возможности для развития межгосударственного сотрудничества и пожелал его сотрудникам успехов в работе.  В свою очередь Чрезвычайный и Полномочный Посол КНР в Казахстане Чжан Сяо выразил благодарность руководству области за оказанную поддержку.  

«Я искренне надеюсь, что новое Генеральное консульство Китая приложит все усилия для полноценного воплощения в жизнь договоренностей глав двух государств и внесет свою лепту в открытие нового «золотого 30-летия» китайско-казахстанских отношений. Уверен, что местные органы власти окажут Генконсульству все необходимое содействие в ходе исполнения им обязанностей», - сказал Чжан Сяо.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 178
Категория: 
�����