Актюбинец Артур Ким стал серебряным призером Международной олимпиады по физике IPhO-2024

Ақтөбелік Артур Ким - физикадан IPhO-2024 халықаралық олимпиадасының күміс медаль иегері    Иранның Исфахан қаласында физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада ел намысын қорғап, Қазақстан құрама командасына күміс медаль сыйлаған Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.    Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) әлемдік 7 олимпиадалардың (IMO, IBO, IOI, IChO, IGeO, IOL) қатарына кіреді. Олимпиадаға 50 елден оқушылар қатысқан. Бұл олимпиадада Қазақстан құрама командасы 4 күміс және 1 қола медаль иеленіп, 100% көрсеткішке қол жеткізді.    Сонымен қатар, Артур Малайзияның Кампар қаласында физикадан ХХIV Халықаралық Азия олимпиадасында (APhO) әлемнің 28-ден астам елінен қатысқан дүбірлі додада қола медаль жеңіп алса, Ресей Федерациясының Югра қаласында физикадан «ISPhO-2024» халықаралық ғылыми олимпиадасында Қазақстан құрама командасы ТМД, Азия және Латын Америкасы елдерінің арасында жалпы командалық екінші орынды иеленді.

Актюбинец Артур Ким стал серебряным призером Международной олимпиады по физике IPhO-2024    Артур Ким учится в 11 классе Актюбинской областной специализированной школы-интерната для одаренных юношей «Білім-инновация». На Международной олимпиаде по физике в иранском городе Исфахане он принес в сборную Казахстана серебряную медаль.    Международная олимпиада по физике (IPhO) — одна из 7 всемирных олимпиад (IMO, IBO, IOI, IChO, IGeO, IOL). В ней приняли участие студенты из 50 стран. Сборная Казахстана завоевала 4 серебряные и 1 бронзовую медали и добилась 100% результата.    Кроме того, Артур завоевал бронзовую медаль на 24-й Международной Азиатской олимпиаде по физике (APhO) в Кампаре в Малайзии, в которой приняли участие более 28 стран, а также на Международной научной олимпиаде по физике ISPHO-2024 в Югре в России, где сборная Казахстана заняла второе место в общекомандном зачете среди стран СНГ, Азии и Латинской Америки.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 139
Категория: 
�����