Актюбинская область продолжает активно участвовать в акции «Таза Қазақстан»

Ақтөбе облысы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысуда    Ағымдағы жылдың 1 тамызында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында «Таза кәсіп – Таза аймақ» өңірлік акциясы өтті. Акция аясында Ақтөбе облысындағы шағын, орта және ірі бизнес ұйымдары өздеріне іргелес аумақтар мен аулаларды тазартты. Сонымен қатар, акция аясында Ақтөбе қаласының әкімдігі «Ақтөбе қаласының кәсіпорындары және ұйымдары арасындағы абаттандырылған аумақ» байқауын жариялаған болатын.  Байқаудың мақсаты – қаланың сыртқы келбетін жақсартуға ықпал ету, санитарлық жағдайды жақсарту, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалалық кәсіпкерлік нысандарының арасында ең жақсы абаттандырылған аумақты анықтау. Байқауға 14 кәсіпкерлік нысан қатысты. Олардың қатарында «Динар-Электромаш» ЖШС, «Jadyra'S» және «Классик» сауда үйлері, «Інжу», «Жас отау» мейрамханалары, «Дару жарығы» офтальмологиялық орталығы сияқты белгілі ұйымдар бар. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мерекелік шара ұйымдастырылып, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталады.

«Энергия» сауда үйінің қызметкері Нина Доценко шарадан алған өз әсерімен бөлісті. Оның пікірінше, жалпыұлттық экологиялық акция өткізу бастамасы біздің облыс үшін де, жалпы ел үшін де өте өзекті. «Бүгін біз ертеңгі күніміздің тазалығына жауаптымыз. Алдағы уақытта осындай игі шараларға атсалысатын жанашыр азаматтардың қатары көбейеді деп ойлаймын»,- деп атап өтті Нина Владимировна. Айта кетейік, «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ақтөбе облысында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру, өзендердің,көлдердің, бұлақтардың жағалауларын тазарту және т. б. бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Жалпы, ақтөбеліктер ел Президентінің үндеуін зор ықыласпен қабылдап, өткізіліп жатқан барлық шараларға белсене атсалысуда.  Айта кету керек, биылғы сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» акциясына облыста 279 077 тұрғын, 6 672 мекеме мен кәсіпорын қатысты. Барлық тұрғындарды экологиялық науқанға белсенді қатысуға шақырамыз!

Актюбинская область продолжает активно участвовать в акции «Таза Қазақстан»    1 августа текущего года в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» на территории Актюбинской области прошларегиональная акция «Таза кәсіп - Таза аймақ» («Чистый бизнес – чистая территория»). В рамках акции организации малого, среднего и крупного предпринимательства Актюбинской области провели уборку прилегающих территорий и дворов. Кроме того, в рамках акции акиматомгорода Актобе объявлен конкурс «Ақтөбеқаласының кәсіпорындары және ұйымдарыарасындағы абаттандырылған аумақ»(«Благоустроенное место среди предприятий и организаций города Актобе»).  Цель конкурса – содействие благоустройству облика города, улучшение санитарного состояния, формирование экологической культуры среди населения и выявление лучшей благоустроенной территории среди городских объектов предпринимательства. В конкурсе приняли участие 14 объектов предпринимательства. Среди них такие известные организации как ТОО «Динар-Электромаш», торговые дома «Jadyra'S» и «Классик», рестораны «Інжу», «Жас отау», офтальмологический центр «Дару жарығы». По результатам будет организовано чествование победителей, в ходе которого им будут вручены благодарственные письма и памятные призы. Своими впечатлениями об акции поделилась работник ТД «Энергия» Нина Доценко. По её мнению, инициатива проведения общенациональной экологической акции является очень актуальной как для нашей области, так и для страны в целом.

«Сегодня мы в ответе за наше чистое завтра. Считаю, что в дальнейшем число неравнодушных граждан, принимающих участие в акции, увеличится»,– подчеркнула Нина Владимировна. Отметим, в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» в Актюбинской области проведена значительная работа по озеленению, благоустройству населенных пунктов,  очистке берегов рек, озер, родников и т.д. В целом актюбинцы с воодушевлением восприняли призыв Президента страны и активно участвуют во всех проводимых акциях.  Следует отмтетить, что с апреля текущего года по области в акции «Таза Қазақстан»приняли участие 279 077 жителей, 6 672 учреждения и предприятия. Призываем всех жителей принять активное участие в экологической акции! 

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 176
Категория: 
�����