16 млрд тенге направили на ремонт дорог, повреждённых во время паводков в Актюбинской области

Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде бұзылған 47 шақырым жолды жөндеуге 16 миллиард теңге бөлінді. Қаражат республикалық және облыс бюджетінен қарастырылып отыр. Жөндеу жұмысының басым бөлігін биыл аяқтау көзделген. Ал Ойыл ауылының маңындағы көпірді қалпына келтіру ұзаққа созылуы мүмкін. Алтықарасу ауылына кіреберіс жолды көктемде қырдан келген су бұзып өткен. Жол астындағы құбыр суға шыдас бере алмай қираған. «Әрі бұл жол осымен екінші рет тасқынға ұшырап отыр», – дейді ауыл халқы. Ал бұдан басқа ауылға апарар бағыт жоқ. Қайыржан Мырзағалиев, Алтықарасу ауылының тұрғыны: - Былтыр су шайып, апаттық жағдайда қалдырып еді, биылғы су да оның үстіне қосаметкей болды. Енді осы көпірді ертерек жақсы, сапалы жөндеп берсе, біздің үмітіміз, тілегіміз – сол.

Қарғын су көрші Құмқұдық ауылына қатынайтын жолды да шайып кетті. Қиыршықтастары балшыққа сіңіп, көлік қатынасы мүлдем қиындаған. Қазір қайта қалпына келтіріліп, асфальт төселген. Мейрамхан Үмбетов, Қайыңды ауылдық округі әкімдігінің маманы: - Жолдың құрылысы мамыр айында басталды. 2 айға жуық уақытында құрылыстың 95% бітіп тұр. Жол белгілерін қою жұмыстары қалып отыр.

Қазір облыс аумағында өңірлік маңыздағы 3, ал аудандық маңыздағы 10-нан  астам жол қалпына келтіріліп жатыр. Бұған қоса 20 көпір және 100 су өткізу құбыры жөнделеді. «Әсіресе Ойыл ауылы маңындағы көпір басты назарда болады», – дейді жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасындағылар. Есет Аманбаев, жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасы басшысының орынбасары: - Жолдардың жөндеу жұмыстарын жылдың соңына шейін аяқтау жоспарланып отыр. Тек бізде қазіргі таңда Ойыл ауылына кіреберіс көпір үлкен ауқымды жұмыстарды талап етіледі. Қазіргі таңда мердігер мекемемен жұмыс жасалынып жатыр. Келесі жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарлап отырмыз. Дегенмен жылдың соңына шейін сол көпірдің үстімен өтетін уақытша өткел ұйымдастырамыз.

Мамандардың айтуынша, үйлері суға кеткен ауыл ішілік жолдар да ретке келтіріледі. Жұмыстарды шамамен қазан айына дейін аяқтау жоспарланған.

16 млрд тенге направили на ремонт дорог, повреждённых во время паводков в Актюбинской области Средства выделили из республиканского и областного бюджетов. Работу планируют завершить в этом году. Единственная дорога, ведущая в село Алтыкарасу в Темирском районе, сейчас выглядит так. Весной полотно не выдержало огромного потока талой воды, рассказывают местные жители. Сейчас проезжую часть ремонтируют. Кайыржан Мырзагалиев, житель села Алтыкарасу: - В прошлом году тоже было много воды, проезжую часть размыло. Этой весной её снова затопило и стало ещё хуже. Акиму села и района мы говорили о необходимости отремонтировать дорогу, и вот, наша просьба услышана.

Паводок повредил и подъездную дорогу к селу Кумкудук. Асфальта на ней не было, поэтому гравий смешался с грязью. И проезд в населённый пункт превратился в полигон для трофи-рейдов. Сейчас дорогу уже привели в порядок. За тем, как дорожники доделывают покрытие, каждый день наблюдает специалист сельского акимата Мейрамхан Умбетов. Мейрамхан Умбетов, специалист акимата Кайындинского сельского округа: - Строить дорогу начали в мае. Работа выполнена на 95%. Асфальт уложили, осталось сделать дорожную разметку и установить знаки.

В области восстанавливают 3 дороги областного значения и более 10 районного. Отремонтируют также 100 водопропускных сооружений и 20 мостов. В том числе и мост возле села Уил. Там реконструкция может затянуться из-за большого объёма работы, – предупреждает заместитель руководителя областного управления автодорог Есет Аманбаев. Есет Аманбаев, заместитель руководителя управления пассажирского транспорта и автодорог Актюбинской области: - В целом на восстановление дорог из республиканского резерва на сегодняшний день выделено 10 млрд, из областного резерва выделено около 6 млрд. На сегодняшний день по всем нашим проектам определены подрядные организации, заключены договора, ведутся строительно-монтажные работы.

По информации местных исполнительных органов, отремонтируют также и внутрипоселковые дороги, размытые во время паводка.

Источник: https://24.kz

Просмотров: 136
Категория: 
�����