В Актобе заготовят полуторагодовой запас кормов для скота

Ақтөбеде бір жарым жылға жететін мал азығы дайындалады Ақтөбеде биыл 2,7 млн тонна мал азығы жиналады. Бұл бір жарым жылға жеткілікті. Ақтөбеде шөп шабу, мал азығын дайындау жұмысы жалғасып жатыр.

– 2024-2025 жылдары 918 мың бас мал қыстайды деп жоспарланған. Оған 1,8 млн тонна шөп қажет. Бізде климаттық жағдай ескерілді. Қыс ұзап кетуі мүмкін деп шаруаларға бір жарым жылдық мал азығын дайындау тапсырылды. Биыл 2,7 млн тонна мал азығы дайындалады. Оған толық мүмкіндік бар. Облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 26,9 млн гектарды құрайды. Оның 25,3 млн га жері жайылым болса, 465 мың га жері шабындық, - деді Ақтөбе облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы бөлімінің бас маманы Ермек Әділбек. Шөп шабу, мал азығын дайындау жұмыстарына 10 мыңнан астам техника жұмылдырылған.  Айта кетейік, қазіргі кезде бір жарым жылдық жоспардың 70%-ға жуығы орындалды. Шаруалар мен ақтөбеліктер бір жылға қажетті мал азығын жинап алды.  Еске салсақ, өңірде астық жинау жұмысы да жүріп жатыр. Ақтөбе облысында биыл 600 мың гектардан астам жердің 432 мың гектарына дәнді дақыл, 62 мың гектарына майлы дақыл егілді. Мал азығы үшін 94 мың гектар жер бөлінді. 

В Актобе заготовят полуторагодовой запас кормов для скота В этом году в Актобе соберут 2,7 млн тонн кормов. Этого запаса хватит на полтора года. Сейчас на полях продолжаются работы по сенокосу и заготовке кормов для скота.

«В 2024-2025 годы на зимовку отправится 918 тысяч голов крупного рогатого скота по области. На их зимне-стойловое содержание необходимо 1,8 млн тонн травы. С учетом климатических условий региона аграриям было поручено заготовить кормов для животных на полтора года, поскольку зима может оказаться затяжной. В этом году будет заготовлено 2,7 млн тонн кормов. Все условия для этого созданы. Площадь сельскохозяйственных угодий региона составляет 26,9 млн га. Из них 25,3 млн га — пастбища, 465 тыс. га — сенокосные угодья»,— рассказал главный специалист Актюбинского областного управления сельского хозяйства и земельных отношений Ермек Адильбек. В сенокосе и заготовке кормов для скота задействовано более 10 тысяч машин. Следует отметить, что в настоящее время выполнено почти 70% плановых работ. Фермеры и актюбинцы собрали кормов с запасом на один год. Напомним, в области также продолжаются работы по уборке зерновых. В Актюбинской области на 600 тысячах га земли 432 тысячи га засеяно зерновыми культурами, масличными - 62 тысячи га. Под кормовые культуры отведено 94 тысячи га земли.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 192
Категория: 
�����