Состоялась итоговая коллегия Управления здравоохранения Актюбинской области по показателям за 6 месяцев текущего года

Биылғы жылдың 6 айындағы денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовтің төрағалығымен өткен медицина қызметкерлерінің отырысында талқыланды.    Абзал Әбдікәрімов өзінің кіріспе сөзінде облыс басшылығының Денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлетінін атап өтті.   

«Мен облыс орталығының барлық медициналық мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып шықтым. Бірнеше жыл бойы шешімін күткен бірқатар проблемалық мәселелер жеке бақылауға алынды. Пациенттерге көмек көрсету сапасы - сала қызметкерлеріне жасалатын жағдайларға тікелей байланысты. Сондықтан саланы дамыту - біздің ортақ мақсатымыз»,- деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары А.Әбдікәрімов.   Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев клиникалар бөлінісінде қол жеткізілмеген көрсеткіштерге тоқталды. Осылайша, 6 айдың қорытындысы бойынша бірқатар медициналық мекемелерде жаңа туған нәрестелерді тасымалдау, әйелдерді прегравидальды даярлау, скринингтік тексеруден өту деңгейінің төмендігі, сондай-ақ дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сияқты қызметтердің жағымсыз статистикасы байқалады.   Облыс әкімінің орынбасары бірқатар ауруханалардың бас дәрігерлерінің жұмысын сынға алды. Халықтың медициналық қызмет көрсетуге деген қанағаттану деңгейінің төмендеуі, мекемелердің кредиторлық берешегінің барына шүйлікті. Абзал Әбдікәрімов жыл соңына дейін жұмыстарды реттеу үшін мүмкіндік беретінін алға тартты. Егер жағдай қайталанса, тиісті шаралар қабылданады.    Бүгінгі жиын барысында орталықтарды медициналық техникамен жабдықтау және ауылдық жерлерде денсаулық сақтау объектілерін салу жоспарлары да айтылды.   Алқа мүшелері, олардың арасында облыстық мәслихат депутаттары, Денсаулық сақтау ардагерлері халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.

Состоялась итоговая коллегия Управления здравоохранения Актюбинской области по показателям за 6 месяцев текущего года. Заседание медицинских работников прошло под председательством заместителя акима области Абзала Абдикаримова.    В своем вступительном слове Абзал Абдикаримов отметил большое внимание, оказываемое руководством области сфере здравоохранения.

"Я ознакомился с материально-технической базой всех медицинских учреждений областного центра. Взял под личный контроль ряд проблемных вопросов, ожидающих годами своего решения. Качество помощи пациентам напрямую зависит от условий, которые мы создаём работникам сферы. Поэтому развитие отрасли - наша общая цель",- отметил заместитель акима области А.Абдикаримов.   Руководитель областного управления здравоохранения Нурбол Тымпиев озвучил показатели, которые не были достигнуты в разрезе клиник. Так по итогам 6 месяцев в ряде медучреждений отмечается негативная статистика службы по потранажу новорожденных, прегравидарной подготовке женщин, низкий уровень прохождения скрининговых осмотров, а также лекарственного обеспечения.    Ряд главных врачей больниц подверглись критике заместителя акима области, который остался недовольным показателями удовлетворённости населения оказания медицинских услуг, кредиторской задолженностью учреждений. Он отметил, что даёт им шанс до конца года. Если ситуация повторится, будут приняты соответствующие меры.   В ходе Коллегии также были озвучены планы по оборудованию центров медицинской техникой и строительству объектов здравоохранения в сельской местности.   Участники Коллегии, среди которых были депутаты областного маслихата, ветераны здравоохранения, выступили с предложениями по улучшению оказания медицинских услуг населению.

Источник.t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Просмотров: 112
Категория: 
�����